08 ақпан 2016 22:23

Шымкентте төрт адамды қағып өлтірген Танкеевтің туыстары марқұмдардың отбасын құдаймен қорқытып жүр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Видео кадры / КТК © Видео кадры / КТК

Шымкентте төрт адамды қағып өлтірген Танкеевтің туыстары марқұмдардың отбасын құдаймен қорқытып жүр. Оның әпкесінің Мұраттың анасы мен әпкесінің есіктерінің алдына келіп тұрғанын жәбірленуші отбасы жазып алыпты, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.


Шымкентте төрт адамды қағып өлтірген Танкеевтің туыстары марқұмдардың отбасын құдаймен қорқытып жүр. Оның әпкесінің Мұраттың анасы мен әпкесінің есіктерінің алдына келіп тұрғанын жәбірленуші отбасы жазып алыпты, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Желіде жария болған видеода марқұмдардың туыстарына келген әйел кешірім сұрамақ түгілі, құдаймен қорқытуды бастайды. "Бірақ сендер де кінәлісіңдер! Білдің бе? Сендер кешірмесеңдер сендер де кінәлі боласыңдар Аллаһтың алдында! Менің сол айтқаным айтқан! Менің балам ішпейді, бірақ тура сол күні неғып ішеді? Менің балам себепші боп отыр, білдің бе? Ішпейтін балам сол күні ішіп", - дейді есік алдына келген әйел.

Мұрат Танкеевтің анасының айтуынша, ішімдікке мүлдем жоламайтын баласы сол күні тылсым күштердің араласуымен араққа ауыз салыпты. Есіктің екі жағында тұрып айғайласқан тараптар тағы да келісе алмаған сыңайлы.

Ал жәбірленген Дауылбаевтар әулеті Танкеевтер отбасынан әбден мезі болдық дейді. Егер мазалауын қоймаса сотқа бермекші. "Олардың баласы бірінші рет арақ ішкен сияқты, бұдан бұрын ішпеген деп. Бірінші рет арақ ішіп тұр. Сондай жағдайға ұрынып отыр, сондай-сондай сендер кінәлісіңдер, сендердің кінәларың деп бізге жауып жатыр қазір", - деді телеарна тілшілеріне жәбірленген тараптың өкілі Ғани Дауылбаев.

Еске салайық, Шымкенттегі беделді кәсіпкердің баласы былтыр  қараша айында мас күйінде Лексусімен жолдың қарсы бетінде келе жатқан Аудиді соққан. Салдарынан, неміс көлігінің ішіндегі бір әулеттің 4 адамы ажал құшты. Оның екеуі бүлдіршіндер. Жол апатынан соң бизнесмен әкесі мен полиция полковнигі шеніндегі ағасын айтып жазадан құтылам деген Мұрат Танкеев қазір сот алдында жауап беріп жатыр. (Дереккөз: КТК)

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети