12 маусым 2015 21:29

Шымкентте тумен қоқыс шығарғандар ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Tengrinews.kz ©Tengrinews.kz

Шымкентте тумен қоқыс шығарғандар ұсталды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі Шымкент ішкі істер басқармасының басшысы, подполковник Данияр Мерханға сілтеме жасай отырып хабарлады.


Шымкентте тумен қоқыс шығарғандар ұсталды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі Шымкент ішкі істер басқармасының басшысы, подполковник Данияр Мерханға сілтеме жасай отырып хабарлады.

Мемлекеттік ту арқылы қоқыс шығарған жұмысшылардың аты-жөнін анықтап, оларды ұстауға полиция қызметкерлеріне үш сағат қажет болды. Сөйтсе, олар "Бекасыл сервис" ЖШС қызметкерлері болып шықты. Ұсталғандардың ішінде 1986 жылғы Гаухар Қалдыбаева, 1974 жылғы Талғат Биболатов және қоқыс жинаушы көліктің жүргізушісі, 1966 жылғы Мейрамбек Сайлаубеков бар болып шықты. 

"Біз қоқысты туға жинаған жоқпыз. Жүк аударылып кетіп, қоқыс туға барып түсті. Біз оны көрген кезде әбден тозып кеткен еді, біз оны "Нұр Отанға" бергіміз келіп, тіпті кабинаға алып қойдық. Бірақ жұмыс кезінде ол жоғалып кетті, қазір қайда екенін мен білмеймін", - деді жүргізуші.

Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары тудың қайда екенін анықтаумен ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік туды қоқысқа кімнің тастағанын анықтау үстінде. Ұсталғандарға 4 миллион теңге айыппұл салынуы мүмкін. "Әлеуметтік желілерде үш жұмысшының мемлекеттік туды қоқыс жинауға қолданғаны көрінген суреттер пайда болды. Біздің қызметкерлер суреттегі адамдарды тауып, Шымкент қаласының ішкі істер басқармасына жеткізді. Үшеуі де өз кінәларын мойындады. Оларға енді 2 мың АЕК көлемінде айыппұл салынады немесе 2 жылға бостандықтан шектелуі мүмкін", - Шымкент ІІБ басшысы.

Полция қызметкерлерінің мәліметінше, ҚР ҚК 372-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Қоқыс жинаушы көлік айып тұрағына қойылды.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети