20 наурыз 2014 17:05

Сириядағы соғысқа қатысқан қазақстандықтарға жаза кесілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Азамат Қазбаев. ©Youtube.com Азамат Қазбаев. ©Youtube.com

Павлодарда Сирияда ұрысқа қатысқан қазақстандықтар сотталды деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Екібастұз қалалық сотының судьясы Александр Гоенкоға сілтеме жасап. Сот Екібастұздың Сирияда террористік әрекеттер жасады деп айыпталған төрт тұрғынына қатысты үкім шығарды. "Сот үкімімен 23 жастағы Азамат Қазбаев пен Абдусалям Мырзабаевқа мүлкін тәркілеумен бірге жеті жылға бас бостандығынан айыру жазасы берілді", - дейді Гоенко. Тағы екі екібастұздық - 29 жастағы Берік Жақыпов пен 30 жастағы Борис Мырзабаевқа екі жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарылды. Бұған дейін ашық жағдайда болғанмен, сотқа журналистердің қатыстырылмағаны хабарланған еді. Бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуына тараптардың бәрі қарсы болды. Азамат Қазбаев пен Абдусалям Мырзабаев "Терроризмді насихаттау", "Террористік топ қызметіне қатысу", "Террористік қызметті қаржыландыру", "Тұлғаларды ұйымдастыру мақсатымен немесе экстремистік қызметке жалдау" баптары бойынша айыпталып отыр. Олар түрік-сирия шекарасын заңсыз кесіп өтіп, содырларды даярлау орталығына тап болған. Жігіттердің айтуынша, мұндай қадамға олар интернеттегі бейнероликтерді қарағаннан кейін барған. Сирияда біраз болғаннан кейін олар қастарына әйелдерін шақырады. Бірақ әйелдері келе алмайды. Күдіктілер өткен жылдың қазан айында Түркия арнайы қызметінің көмегімен ұсталып, Қазақстан аумағына жеткізілді. Ұсталғандар интернеттегі бейнематериалдардың шындыққа жанаса бермейтінін айтып, өкініш білдірді. Жігіттер Сириядағы азат ету қозғалысын басқаша елестеткен, бірақ кейін оларды ақша мен билік басқаратынын түсінген. Тергеу барысында Сириядағы әскери жанжалға Екібастұздың тағы екі тұрғынының қатысы бары анықталды - 29 жастағы Берік Жақыпов пен 30 жастағы Борис Мырзабаев. Олар терроризмді қаржыландырғаны және араға делдал болғаны үшін айыпталып отыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети