23 қараша 2014 08:03

Солтүстік Қазақстан облысында жүк көлігі екі пойызбен соқтығысты

ПОДЕЛИТЬСЯ

©direct-press.ru ©direct-press.ru

Солтүстік Қазақстан облысында жүк көлігі тауар және жолаушы пойыздарымен соқтығысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ресей теміржолы баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Солтүстік Қазақстан облысында жүк көлігі тауар және жолаушы пойыздарымен соқтығысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ресей теміржолы баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға 21 қарашада Астана уақытымен 12.28-де Оңтүстік Орал теміржолының Петропавл - Кондратовка торабында болған. МАЗ жүк көлігінің жүргізушісі теміржолға шығып кетіп, жүк пойызы локомотивінің екінші секциясына соғылды. Соққыдан жүк көлігі қасындағы көрші жолға шығып, онда жүріп бара жатқан № 57 Иркутск - Кисловодск жолаушы пойызымен түйісіп қалды. Жолаушылар мен локомотив бригадалары зардап шеккен жоқ. Жүк көлігінің жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты.     

Апат салдарынан төрт бірдей бос вагон жүк көлігінен шығып кетті және жолаушылар пойызы локомотивінің бір секциясы рельстен шығып қалды. Жолаушылар пойызының соғылған жерінен вагондар тіркеуі ағытылды. Оқиға болған жерде Қорған мен Петропавлдың пойыз жөндеушілері жұмыс істеп жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.15   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети