10 шілде 2015 23:37

Солтүстік Қазақстанда уланған балалардың саны 60-қа жетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Солтүстік Қазақстанда уланған балалардың саны 60-қа жетті, - деп хабарлайды РИА Новости Солтүстік Қазақстан облысы бойынша тұтынушылардың құқығын қорғау департаменті басшысының орынбасары Юрий Пузиковқа сілтеме жасап.

"Уланғандарды бақылау кезінде тағы 24 баланың ауырып қалғаны анықталды. Қорытындысында қазіргі уақытта 60 бала ішек инфекциясын жұқтырды", - деді ол. Еске салайық, осыған дейін Солтүстік Қазақстандағы лагерьде 36 баланың уланып қалғаны хабарланған енді.

Департамент өкілдерінің айтуынша, 10 шілдеде таңғы уақыттан бастап уланудың себебін анықтау бойынша эпидемиологиялық тергеу жүргізіліп жатыр. Зерттеуге материалдар алынды. "Серебряный бор" балаларға арналған сауықтыру лагерінде кезекті сауықтыру маусымы өтіп жатыр, бұл кезең 8 шілдеде ашылған еді.

Қазіргі уақытта лагерьде маусымды жабу мәселелері қарастырылып жатыр. Жалпы, "Серебряный бор" лагерінде 156 демалушы бар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети