17 қыркүйек 2014 11:13

Сыныптасын қаламмен өлтірген баланың психикалық ауытқуы бар

ПОДЕЛИТЬСЯ

©tengrinews.kz ©tengrinews.kz

Астанада сыныптасын қаламсаппен өлтірген баланың психикалық ауытқуы болған. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне қала прокуратурасының қызметкері Жасұлан Сәрпеков айтты.


Астанада сыныптасын қаламсаппен өлтірген баланың психикалық ауытқуы болған. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне қала прокуратурасының қызметкері Жасұлан Сәрпеков айтты.

"Бұл мектепке ер балалар №52 және 66 мектептерден келіп қабылданған. Олардың бұрын оқыған мектептері берген мінездемеге қарағанда, балалардың мінез-құлқы қалыпты. 52-мектептен ауыстырылған ер бала үйден білім алған. Оның психикалық ауытқуы бар. Оған 2014-2015 жылдары жалпы білім беретін мектепте құрдастарымен бірге оқуға кеңес берілген. 2013-2014 жылдары ол үйден білім алды. Жасөспірім психикалық ауытқуы бар адамдардың тізімінде тұрған", - деді Сәрпеков.

Сыныптасын өлтірген ер бала қазір ата-анасының жанында. Тергеуалды тексеріс жүріп жатыр, соның нәтижесі бойынша қылмыстық іс қозғалады. "Бұл ҚР Қылмыстық кодексінің 96-бабы болуы мүмкін. Бала 13 жаста. Заңнамаға сәйкес, қылмыстық жауапкершілік 14 жастан басталады. Баланың ата-анасы да жауапқа тартылмауы мүмкін. Кінә тергеуалды тексерістің нәтижесінде анықталады. Мұғалімдер немесе мектеп инспекторы тарапынан да кемшілік жіберілген болар, мұндай жайтқа жол бергені үшін тәртіптік жауапкершілік қарастырылуы мүмкін", - деді Сәрпеков.

Еске сала кетейік, бұл оқиға Астанадағы №76 мектеп-лицейде тарих пәні сабағында болған. 13 жастағы бала сыныптасын кеуде тұсынан қаламсаппен ұрған. 8-сынып оқушысы алған жарақатынан "жедел жәрдем" көлігінде қайтыс болды. Мектеп директорының айтуынша, оқушылар арасында төбелес пен дөрекі ұрыс-керіс болмаған, олар жай ғана өзара келіспей қалған.

 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети