22 қыркүйек 2014 15:30

Табылған мәйіт Айдана Досқалиева болып шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

©uralskweek.kz ©uralskweek.kz

Айдана Досқалиеваның әкесі Батыс Қазақстан облысында өзен жағасынан табылған мәйіттің өз қызынікі екенін таныды, - деп хабарлайды "Уральская неделя". Щапово ауылының 25 жастағы тұрғыны Айдана Досқалиева 13 тамызда із-түссіз жоғалып кеткен. 


Айдана Досқалиеваның әкесі Батыс Қазақстан облысында өзен жағасынан табылған мәйіттің өз қызынікі екенін таныды, - деп хабарлайды "Уральская неделя". Щапово ауылының 25 жастағы тұрғыны Айдана Досқалиева 13 тамызда із-түссіз жоғалып кеткен. 

Досқалиеваның әкесі қызын киімінен танығанын айтты. "Жоғалып кеткен күні ол дәл осы киімде болатын", - деді Тілеген Досқалиев. Сот сараптамасы орталығының мамандары қыздың туыстарының оны танығанын растады. Туыстары Айдана Досқалиеваны киімінен ғана емес, тістері мен бойына қарап та таныған. Сараптамашылардың айтуынша, мәйіт суда ұзақ уақыт жатып қалғандықтан, оның өлімінің себебін анықтау мүмкін болмады. 

Еске сала кетейік, Батыс Қазақстан облысында тұратын қыздың денесі 20 қыркүйек күні Жайықтағы көпірлердің бірінің жанынан табылған еді. Куәгерлердің айтуынша, мәйіт көп уақыт суда жатқандықтан, оның қандай адам екенін ажырату қиын болған. 

Айдана Досқалиева 13 қыркүйек күні Орал қаласынан ауылына келе жатқанда жоғалып кеткен. Ол Оралдағы жылдам тамақтандыру орындарының бірінде сатушы болып жұмыс істеген. Куәгерлер оның ақ түсті "Жигулиге" отырғанын, көлікте екі ер адам болғанын көріпті. Із-түссіз жоғалған қызды полицияның 300 қызметкері іздестірді. Облыстың тас жолдарында полицейлер куәгерлердің айтқанына сәйкес келетін көліктердің бәрін тексерді.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети