30 қараша 2014 11:20

Талдықорғанда газ жарылысынан жеті адам қаза болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Турара Казангапова Фото Турара Казангапова

Талдықорған қаласында аяқ астынан газ жарылып, салдарынан жеті адам қаза болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Алматы облыстық ТЖД-ға сілтеме жасап.


Талдықорған қаласында аяқ астынан газ жарылып, салдарынан жеті адам қаза болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Алматы облыстық ТЖД-ға сілтеме жасап.

Департаменттің баспасөз қызметі мәлімдегендей,  қайғылы оқиға осы түнде Еркін ауылындағы бір үйде болған. Соңғы мәліметті алға тартсақ, жеті адам көз жұмған. Талдықорған қалалық ауруханаға тағы бірнеше адам жеткізіліпті. Зардап шеккендердің арасында балалар да жоқ емес.

Айта кетейік, құзырлы орын әзірге  "бұл төтенше жағдай газ баллонының жарылуынан болуы мүмкін", - деген болжам жасап отыр. Қазіргі кезде тексеру амалдары жүргізілуде.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети