20 тамыз 2015 00:18

Талдықорғандағы екі бірдей сауда орталығы өртенді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Vk.com © Vk.com

Талдықорғанда екі сауда орталығында өрт шықты, - деп хабарлайды 24KZ қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Талдықорғанда екі сауда орталығында өрт шықты, - деп хабарлайды 24KZ қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Болашақ" пен "Мир обуви" сауда орталықтарында өрт 18.55-те шыққан. 2,5 мың шаршы метр ауданды өрт шалды. Тілсіз жауды ауыздықтауға төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамының 80 адамы жұмылды, сонымен қатар өрт сөндіру техникасы мен қалалық коммуналдық қызметтердің машиналары тартылды. Сонымен бірге, мародерлік жағдайлардың жолын кесуге 500 полиция мен ішкі әскер сарбаздары жұмылды.

Өрт 21.20-да сөндірілді. Өрттің шығу себебі мен келген материалдық шығын әзірше анықталмады. Алдын ала нұсқа бойынша, өрт сауда үйлеріне жақын маңдағы қоқыс багының жануынан шыққан. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. "Жергілікті атқару органдары зардап шеккен тұлғалардың тізімін жасап жатыр - барлығы 114 кәсіпкер. Олармен арнайы жұмыс жүргізіледі, құқықтық кеңес беріледі, барлық қажетті шара жүргізіледі", - деп мәлімдеді қала әкімінің баспасөз хатшысы Ғалыммұрат Жүкел. 

Фото: vk.com/taldykorganec

 
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети