13 қаңтар 2017 11:57

Талғарда жасөспірімді қағып кеткен полицейдің басшылығы жазаланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

видеодан үзінді видеодан үзінді

Алматы облысында патрульдік полиция көлігі қаққан 16 жастағы жасөспірім ауруханадан бірақ шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Талғар аудандық орталық ауруханасының өкілдері мәлімдеді. 


Алматы облысында патрульдік полиция көлігі қаққан 16 жастағы жасөспірім ауруханадан бірақ шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Талғар аудандық орталық ауруханасының өкілдері мәлімдеді. 

"Науқастың жағдайы қанағаттанарлық. Біз оны бүгін ауруханадан шығардық", - деді Талғар аудандық ОАБ хирургия бөлімінің дәрігерлері. 

Сонымен қатар, Алматы облысының ІІД-нің баспасөз қызметі осы іс бойынша сотқа дейінгі тергеу шараларының жүріп жатқанын айтты. Күдіктіге - Іле аудандық ЖПП қызметкеріне қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы ("Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы") бойынша іс қозғалған. 

Қазіргі уақытта қызметтік тексеріс жүріп жатқандықтан, патрулдік көлікті жүргізген полицей қызметінен уақытша босатылған.

"Сараптамалар тағайындалған, соның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім шығады. Сонымен қатар, Іле аудандық ЖПП басшылығы қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды", - деді ведомстводағылар. 

Еске салайық, Алматы облысы ІІД Талғар ауданында болған оқиғаға байланысты мәлімдеме жасаған еді, онда полиция патрулі кәмелет жасына толмаған баланы жаяу жүргіншіге арналған жолда өтіп бара жатқан жерінен қағып кеткен болатын

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети