15 маусым 2016 11:02

Талғарда көлік ішінде өртенген балалар жайлы оқиғаның жай-жапсары айтылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео скриншоты Видео скриншоты

Алматы облысы ІІД өкілдері Талғарда екі баланың көлік ішінде өртеніп кетуіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы облысы ІІД өкілдері Талғарда екі баланың көлік ішінде өртеніп кетуіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Облыстық ІІД өкілі Көбейхан Нұрахметтің айтуынша, болжам бойынша, балалар көлікке өз беттімен мінген, дегенмен автомобильде өрттің не себепті шыққаны әзірше белгісіз. "Оқиғаның мән-жайын анықтап жатырмыз. Сараптама тағайындалды, олар сіріңкемен немесе оттықпен ойнаған. Сараптама бір тәулікте жасалмайды, оған белгілі бір уақыт керек", - деді Нұрахмет. Оның айтуынша, өртеніп кеткен балалар ағайынды емес, бірі екіншісінің үйіне қонаққа келген екен.

Еске салайық, 13 маусым күні Талғарда 3 жасар екі бала көлік ішінде өртеніп кеткен болатын. "Балалар Volkswagen Golf көлігінің салонында өртеніп кетті. Автомобильде өрттің не себепті шыққаны әзірше анықталған жоқ. Талғар аудандық ІІБ өкілдері осы дерекке сәйкес тергеу жүргізіп жатыр, қажетті сараптамалар тағайындалады", - деді облыстық ІІД өкілдері.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети