20 маусым 2015 10:42

Тараздың әкімшілік ғимаратында шыққан өрт: Адамдар терезеден секірген

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Жамбыл облысы ТЖД баспасөз қызметі ©Жамбыл облысы ТЖД баспасөз қызметі

Тараз қаласындағы Жамбыл облыстық әкімдігінің әкімшілік ғимаратында шыққан өрттен 8 адам зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Тараз қаласындағы Жамбыл облыстық әкімдігінің әкімшілік ғимаратында шыққан өрттен 8 адам зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Зардап шеккен адамдар, оның ішінде полицияның екі қызметкері ғимаратты эвакуациялау кезінде жарақат алды. Тәртіп сақшылары медициналық жәрдем алғаннан кейін ауруханаға жатудан бас тартты, қалғандары ауруханаға жеткізілді.

Өрт сөндіру бөлімшелері келгенше нысан әкімшілігі қызметкерлерді - 285 адамды эвакуациялауды ұйымдастырды. Оларға адамдарды эвакуациялауға полиция бөлімшелері көмек көрсетті. Ғимаратта төрт адам қалып қойды, олар өрт сөндіру сатысы арқылы эвакуацияланды.

Куәгерлердің түсірген видеосында адамдардың оттан құтылу үшін терезеден секіріп кетіп жатқаны көрінеді. (Автор Болат Әзімбаев)

1900 шаршы метрден астам аумақты өрт шалды. Ғимараттың тез тұтанғыш алюкобонд түріндегі материалдары жанып кетті, оның әсерінен төменгі және жоғарғы қабаттары фасадтары арқылы жанды. Нәтижесінде от пластиктен жасалған терезелермен ғимараттың орталық бөлігіне көшіп, барлық қабатқа жетті.

Өрт туралы хабар диспетчерге 16.41-де түсті. Бірінші өрт сөндіру техникалары оқиға орнына он минутта жетті. 17.41-де өрт ауыздықталды, ал 18.05-те толықтай сөндірілді. Тілсіз жаумен күреске 350 адам және 75 дана техника жұмылдырылды.

Ірі өрттің себебін анықтау үшін арнайы ведомствоаралық комиссия құрылды. Оқиға орнында өрт сөндіру бөлімшелерінің кезекшілігі жүзеге асырылып жатыр, ғимараттың күзеті ІІД қызметкерлеріне берілді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети