16 қазан 2014 09:33

Темірлан Сәндібаевты іздеуге көріпкелдер кірісті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Майра Төрениязова, Темірланның әпкесі ©Diapazon.kz Майра Төрениязова, Темірланның әпкесі ©Diapazon.kz

Ақтөбеде жоғалып кеткен 5 жасар Темірлан Сәндібаевтың туыстары баланы іздеуге көріпкелдерден көмек сұрады, - деп жазады "Диапазон".


Ақтөбеде жоғалып кеткен 5 жасар Темірлан Сәндібаевтың туыстары баланы іздеуге көріпкелдерден көмек сұрады, - деп жазады "Диапазон".

"Біз көріпкелдерде болдық. Олардың айтуынша, баланы жағалаудан іздеу керек. Таңертеңнен туыстары мен полицейлер Ақтөбе өзенін шарлап шықты, енді Ілек пен Қарғалы өзендерін қарау керек", - деді жоғалған баланың әпкесі Майра Төрениязова.

Ресейлік экстрасенс бізге 1 мен 3 деген саны бар ғимараттардың маңынан іздеу керек екендігін айтты, - дейді басқа туысы, - Біз Бақыт Жұматоваға телефон шалдық. Оның айтуынша, бесінші күні табылады. Адамдар ол үшін құн төлеуімізді сұрауы мүмкін, бірақ біздің қасымызда полицейлер көп. Полицейлер өздерімен бірге жұмыс істейтін экстрасенстерді бізге алып келіп жатыр. Барлығының айтатыны: Темірлан тірі. Қалада жақсы адам көп. Тіпті танымайтын адамдар әрқашан байланыста болуымыз үшін бізге бірлік салып беріп жатыр. Кәсіпкерлер келіп, егер бала үшін құн сұраған жағдай болса деп ақша ұсынды. Бір әйел телефонындағы видеосын әкеліп көрсетті: көшеде қаңғыбас біреумен бірге кетіп бара жатқан баланы түсіріп алған, бірақ ол Темірлан емес болып шықты".

Көріпкел Алтынай Саралжина басылым журналистеріне бала туралы хабарды 16 немесе 17 қазан күндері күту керектігін айтыпты. "Мен баланың тірі екенін сезіп отырмын", - деп мәлімдеді медиум.

Сонымен бірге, ІІД өкілдері қалада қаруланған педофилдер банда тобы жайлы қауесетті жоққа шығарды. Педофилдер жайлы ақпарат Темірлан жоғалған күннен соң таралды. Ұялы телефондарға жіберілген хабарламаларда қылмыскерлердің фотороботы да болған - екі жігіт. Хабарламада олар көлікпен жүріп марғау немесе күшікті жіберіп, баладан әкеліп беруді сұрайды, бала жақындағанда оны алып кетеді делінген.

Темірлан оқитын №14 мектеп оқушылары бұл жағдайдан қатты қорқып қалған. Баланың жоғалғаны туралы хабарлама кезекшілердің стөлінде. "Темірлан жұма күні сабаққа келмей қалған кезде мұғалім дереу оның үйіне телефон соққан. Сол күні үйге екі бала келмей қалды. Темірланның анасы өзі де таппай отырғанын айтты. Біз инспекторларға хабарластық, олармен бірге мұғалімдер қосылып бүкіл Құрмышты шарлап шықтық, бірақ баланы таба алмадық. Сынып жетекшілері ата-аналарға хабарласып, Темірлан туралы сұрап шықты, сонымен бірге балаларына ие болуды ескертті", - деді мектеп директоры Баян Әлиева.

Жергілікті билік өкілдері қаланың барлық мектебінде оқитын балалардың ата-аналарына ескерту жіберілгенін мәлімдеді. "Сағат 18-ден кейін ата-ана қарауынсыз тіпті жоғары сынып оқушылары да көшеде болмауы керек", - дейді қалалық білім бөлімі жетекшісі Ләззат Оразбаева.

Отбасында Темірлан үш баланың кенжесі. Ағасы колледжде оқиды, әпкесі жетінші сыныпта, ал өзі осы жылы нөлінші сыныпқа барды.

"Ол үй маңындағы қақпа артында ойнап жатқан. Екіге дейін өзіміз іздедік. Сосын полицияға хабарластық. Бес минут өткен соң осында 20 полицей болды", - дейді Темірланның әкесі Нұрлыбай Бартаев. "Құрмышта олар әр үйді, шатыр мен құдықтарды шарлап шықты. Иттер із табу үшін полицейлер бізден Темірланның киімдерін сұрады, бірақ із үйдің жақын маңында, "Әліби" дүкені жанындағы құдықтың қасында жоғалып кетеді", - дейді Майра Төрениязова.

Жоғалып кеткен баланың әкесінің айтуынша, баласы үй телефоны нөмірін біледі, бірақ мекенжайды айта алмайды. "Ол орысша түсінбейді, балам үй маңында ойнайтын, басқа көшелерге кетіп қалмайтын. Біздің үйге қарама-қарсы ТЖО бар, жақын жерде дүкен, Бірақ Темірланды ешкім көрмеген", - дейді Нұрлыбай.

Жоғалған күні Темірлан Сәндібаевтың суреті қалаға түгелдей ілінді. Адамдар көп жүретін жерлерді полицейлер қарап шықты, мегафон арқылы баланың жоғалғаны жайлы хабарлады. Волонтерлер әлеуметтік желілер арқылы бір-бірін тауып алып, іздеуге қосылды. Өз еркімен келгендердің қатарында үй шаруасындағы әйелдер, студенттер, қызметкерлер, кәсіпкерлер, зейнеткерлер мен тіпті оқушылар да бар. Бірінші күні олар қаланың ескі бөлігін шарлады, әуе қалашығы, мемлекеттік мұражай-қорық аудандары мен ескі мешіт артындағы саяжайлар. 

"Біз 41-разъездін, Ясное, мемлекеттік мұражай-қорықты қарадық. Темірланды жертөлелер мен шатырлардан іздедік. Оны ешкім көрмеген. Жолда жүргізушілерге баланың суретін таратып, баланың кадрға түсіп қалуы мүмкін деп өз видеотіркегіштерінен қарауды сұрап жатырмыз", - дейді студент Гауһар Бақтиярова. 

Темірлан Сәндібаев өткен жұмада, 10 қазанда таңғы сағат шамамен 10-да із-түссіз жоғалып кетті. Бала Өтемісов көшесі бойындағы құмсалғышта ойнап отырған. Анасы оны үй маңына ойнауға жіберіп, 15 минутқа одан көз жазып қалған. Аулаға шыққан кезде баласын таппай қояды. Темірланды іздеуге 1500 полицей, 100 әскер және 800 студент қосылды. Оның суреттері базарларда, автобустарда ілінген, еріктілер суретті жолда жүргізушілерге таратып жатыр. 14 қазаннан бері полицейлер ұшақпен іздей бастады, өтуге қиын жолдарды квадроциклдермен жүріп өтіп жатыр. Полицейлер Темірлан Сәндібаевтің жүрген жеріне қатысты бірнеше нұсқаны қарастырып отыр, соның бірі бойынша іздестіру басталды, оның жай-жапсары тергеудің құпиясы болғандықтан жария етілмейді.

ІІД өкілі екі күн бұрын сипаттамаға сәйкес келетін баланы теміржол вокзалы ауданында көргендер табылғанын хабарлады. Полицейлер баланың адасып кетіп, үйге қайтар жолды таппай жүрген болуы мүмкін деген нұсқаны да айтады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети