31 желтоқсан 2014 21:11

Теміртау тұрғыны полицейді көлігімен қағып өлтірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тengrinews.kz иллюстрациясы Тengrinews.kz иллюстрациясы

Теміртау тұрғыны қалалық ішкі істер басқармасы жол-патруль полкы батальонының аға инспекторын көлігімен қағып өлтірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Теміртау тұрғыны қалалық ішкі істер басқармасы жол-патруль полкы батальонының аға инспекторын көлігімен қағып өлтірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қайғылы оқиға Теміртаудың орталығында жол полицейі жүргізушілердің жол ережесін сақтауын қадағалап тұрған кезде болды. "Полиция капитаны жолдың көлік жүретін бөлігінде тұрып, өзіне берілген жол учаскесін күзеткен", - деп хабарлады оқиға орнында болған қалалық ішкі істер басқармасының жол-патруль полкының қызметкерлері. 

Тергеудің мәліметінше, көлік иесі қарама-қарсы бағытқа шығып кеткен. Сол кезде полицейді қағып кетті, ол сол жерде қайтыс болды. Оқиғаға кінәлі адам ұсталды. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ер адамның үстінен кісі өліміне соқтырған ережебұзушылығы үшін қылмыстық іс қозғалды. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети