16 наурыз 2015 10:53

Теміртауда жаппай төбелес болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©mk.ru ©mk.ru

Теміртауда болған жаппай төбелесті куәгер видеоға түсіріп, жария етті, - деп хабарлайды TengrinewsTV. Оқиға, куәгердің айтуынша, 14 наурызда шамамен сағат 17.00-де болған.


Теміртауда болған жаппай төбелесті куәгер видеоға түсіріп, жария етті, - деп хабарлайды TengrinewsTV. Оқиға, куәгердің айтуынша, 14 наурызда шамамен сағат 17.00-де болған.

Видеода жас жігіттердің Республика даңғылындағы мұзайдында жаппай төбелескені түсірілген. Автордың айтуынша, төбелесті студенттер ұйымдастырды. Сонымен қатар, видео соңында оқиға орнына тәртіп сақшыларының келіп, төбелескендерді ұстағаны көрінеді.

Еске сала кетейік, бұған дейін дәл осындай жағдай Астанада болған еді. Бейнежазбаға қарағанда, төбелес Сарыарқа және Сейфуллин көшелерінің қиылысында көлік жүргізушілері арасында болған. Куәгерлердің айтуынша, жүргізушілердің бірі екіншісіне жол бермеген. Төбелес жол үстінде болғандықтан, көлік қозғалысы тежелді. Видеодан оқиға орнына полиция қызметкерінің келгенін көруге болады. Содан кейін жанжалдасушылар тарасты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети