Теміртауда тәрбиеші баланы ұйықтату үшін қылғындырған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Теміртауда тәрбиеші баланы ұйықтату үшін қылғындырған Видеодан алынған кадр

Теміртаудағы балабақшалардың бірінің 50 жастағы қызметшісі ұйқысы келмеген қызды қылғындырған. Тәрбиешіге қатысты қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Теміртаудағы балабақшалардың бірінің 50 жастағы қызметшісі ұйқысы келмеген қызды қылғындырған. Тәрбиешіге қатысты қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желілерде жарияланған видеода әйелдің төсекте жылап жатқан баланың қасына барып, оның басын көрпемен орап жатқанын көруге болады. Бұл видео Желі қолданушыларын шулатып, бірнеше сағаттың ішінде мындаған пікір қалдырылған. Алайда біраз уақыттан кейін ол видео өшіріліп тастады.

Қарағанды облыстық ІІД баспасөз қызмет осы видеоға қатысты пікір білдіріп, күдіктінің ұсталғанын хабарлады.

ҚР Қылмыстық кодексінің 140-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. 

Қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатыр. Сараптамалар тағайындалды.

"Полиция қызметкерлері Instagram желісіндегі интернет-ресурстарды бақылай отырып, Shok_krg парақшасында әйелдің баланы қылғындырып жатқаны түсірілген видеоны анықтады. Бұл дерек тіркелді. Видеоны зерттеу барысында 50 жастағы тәрбиеші анықталып, өз кінәсін мойындады. Оның айтуынша, бала оны тыңдамай қойған. Оқиғаның мән-жайын анықтау кезінде видеоның биыл мамыр айында, бірақ әлеуметтік желілерге 2018 жылдың 27 тамызында жүктелген", - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Ескерту! Видеода зорлық-зомбылық көріністері бар!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети