13 тамыз 2015 13:05

Төбелескен әйелдерді ажыратпаған полицей жазалануы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Youtube/Aizhana Tugelbayeva © Youtube/Aizhana Tugelbayeva

Қарағанды облысында полицей Instagram желісінде жария болған видео үшін тәртіптік жазаға кесілуі мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қарағанды облысында полицей Instagram желісінде жария болған видео үшін тәртіптік жазаға кесілуі мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мұнда мәселе екі әйелдің төбелесіп жатқан сәті бейнеленген видео жайлы болып отыр. Видеода төбелесіп жатқан әйелдерге полицейдің барып, ажыратқысы келгені көрінеді. Әйелдер белгілі бір уақытқа төбелесін тоқтатады, бұдан кейін тәртіп сақшысы оқиға орнынан кетіп қалады. Бірақ кейін әйелдер бір-біріне қайта жұдырық ала жүгіреді. "Есть же, я приезжий" парақшасындағы видеоға байланысты жазылған пікірлерде адамдар полицейдің әрекетін сөгеді. Олардың айтуынша, полицей әрекетсіздік жасады. 

Қарағанды облыстық ІІД өкілдері бұл дерек бойынша тексеріс жүріп жатқанын хабарлады. "Егер полицияның бұл қызметкері құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша шаралар жасамаған болса, ол қызметтік міндетін орындамағаны үшін тіртіптік жазаға тартылады", - деп хабарлады полициядағылар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети