14 қазан 2015 09:48

Трамвайдың Алматыда көліктерді соққан сәті бейнеленген видео пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Куәгер жолдаған сурет Куәгер жолдаған сурет

Трамвайдың Алматыда көліктерді соққан сәті бейнеленген видео пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Трамвайдың Алматыда көліктерді соққан сәті бейнеленген видео пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видеоны Youtube видеохостингінің қолданушысы жариялады. Еске сала кетейік, кеше, 13 қазанда Алматыда рельстен шығып кеткен трамвай бірнеше автокөлікпен соқтығысып қалған еді.

Болжам бойынша, Мақатаев көшесінің бойымен қозғалып бара жатқан трамвай белгісіз себептермен Сейфуллин даңғылымен қиылыста он автомобильді соғып, кейін қозғалысын жалғастыра отырып тағы төрт көлікпен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасының салдарынан бір қыз зардап шекті. Ол ауруханаға жеткізілді. Қыздың жағдайы әзірше белгісіз. Куәгерлердің айтуынша, жол-көлік оқиғасы трамвайдағы ақаулардан болған.

"Осы дерек ҚР ҚК 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестрінде тіркеуге алынды. Сараптамалар тағайындалды. Соның нәтижесі бойынша оқиғаның мән-жайы нақтырақ айтылады", - деп хабарлады Алматы ІІД баспасөз қызметі.


Видео пользователя Munar Sabirov


© Viki Diko 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети