19 наурыз 2014 16:18

Түркияда алты адам атылған оқтан қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркияда алты адам оққа ұшты деп хабарлайды "РИА Новости" жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасап. Агенттіктің мәліметінше, төтенше оқиға елдің шығысындағы Карс провинциясында статистика институтының жергілікті бөлімшесі ғимараты маңында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, статбюроның жұмыстан шыққан қызметкерлерінің бірі адамдарға оқ жаудырған. Содан кейін ол өзін-өзі өлтірген. Оқиғаға қатысты басқа мәліметтер әзірше белгісіз. Еске сала кетейік, ақпан айының басында Американың Аризона штатындағы Финикс қаласы мектептерінің бірінде белгісіз біреу өзгелерге оқ атқан еді. Барлығы 15 рет оқ атылған. Бұл кезде 200-ге жуық оқушы баскетбол кездесуіне жиналып жатқан. Соған қарамастан, полицияның мәліметінше, тосын жайдан бірде-бір адам зардап шеккен жоқ.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети