29 маусым 2015 18:07

Түркияда жол апатына ұшыраған қазақстандықты отанына әкелуге дайындап жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Vk.com © Vk.com

Түркияда жол апатына түскен қазақстандық Константин Ивановты отанына әкелуге дайындап жатыр. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне оның әкесі Юрий Иванов айтып берді.


Түркияда жол апатына түскен қазақстандық Константин Ивановты отанына әкелуге дайындап жатыр. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне оның әкесі Юрий Иванов айтып берді.

Әзірше тараптар қажетті құжаттарды дайындап жатыр. Зардап шегушінің әкесінің айтуынша, ұшақтың ақысын қазақстандық билік төлеуі мүмкін. Жас жігітпен бірге Қазақстанға Түркия ауруханасында жатқан басқа да қазақстандық азаматтар жіберіледі.

Юрий Ивановтың айтуынша, ұлының жағдайы қалыпты. Дегенмен ол әлі де есін жиған жоқ. Түркиялық дәрігерлер ол ұшуды көтере алады деп болжап отыр. Айта кетейік, Константин Астанаға жеткізіледі. Жас жігіт Астанада немесе өзінің туған жері Қостанайда емделуі мүмкін.

Осыған дейін хабарланғандай, жол апаты 9 маусымда болды. Константин Иванов досы Әлішермен бірге Памукалледен Анталияға жеңіл автокөлікпен келе жатқан. Жігіттер көліктің артқы орындығында отырыпты. Жолда автокөлік жоғары жылдамдықпен жолдың қарсы бағытында келе жатқан Mercedes автокөлігіне соғылды. Жол апатынан Константин қатты зардап шекті. Ол ашық бассүйек-ми жарақатын алды, оң қолы сынды және тағы да басқа. Қазақстан азаматын ауруханаға алып келгенде ол тыныс алмай жатқан. Алайда түріктің жеке емханаларының бірінде оған күрделі операция жасалды, бірақ ол әлі күнге есін жиған жоқ. Ол комада жатыр. Әлішердің беті тілінген, ол ауруханадан шықты. Mercedes автокөлігінің жүргізушісі 1950 жылғы жергілікті тұрғын екені анықталды. Ер адамды полицейлер ұстады, бірақ кейін ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды.

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Константинге көмектесетінін хабарлады. Ведомствоның ресми өкілі Алтай Абибуллаевтің айтуынша, ес-түссіз жатқан тұлғалардың еміне қажетті қаражат мемлекеттік медициналық сақтандыру есебінен, сонымен қатар, жол апатына кінәлі тараптың есебінен төленеді.

 
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети