02 қыркүйек 2015 16:09

Түркістанда соққыға жығылған ер адам туыстарының үстінен шағымданудан бас тартты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Youtube © Youtube

Түркістанда ер адамдардың белгісіз біреуді соққыға жығуына байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Түркістанда ер адамдардың белгісіз біреуді соққыға жығуына байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жедел іздестіру шаралары барысында полицейлер бұзақыларды ұстады. Оқиғаның 27 тамызда, сағат 16.00 шамасында болғаны анықталды. Баспасөз қызметінің мәліметінше, жанжал туыстардың арасында шыққан. 1976 және 1988 жылғы екі ер адам 33 жастағы туысын соққыға жығады. Салдарынан жәбірленуші бас және оң қол жарақатымен қалалық ауруханаға жеткізілді.

"Жәбірленуші туыстарының үстінен шағымданудан және сот-медициналық сараптамасынан өтуден бас тартты. Дегенмен, осы дерек бойынша полицейлер "Қасақана жеңіл дене жарақатын салу" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастап, процессуалдық шешім шығару үшін іс сотқа жіберілді", - деп жазылған ІІД баспасөз хабарламасында.

Еске сала кетейік, бұған дейін Түркістанда екі ер адамның белгісіз біреуді көше ортасында соққыға жыққаны хабарланған еді. Motor.kz мәліметінше, жәбірленуші алкоголь ішімдігін жиі ішіп, құмар ойындарға әуес болған. Кезекті рет осы мақсатта ақша сұраған жәбірленушіге анасы бермейтінін айтады. Бұған ашуланған ол өз анасына бірнеше жерден пышақ салған. Әйел адам бірнеше апта бойы жан сақтау бөлімінде жатыр. Видеодағы екі ер адам әйелдің бауырлары болып шықты.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети