08 тамыз 2014 17:23

Ұшақ Каспий теңізіне апатты жағдайда қонды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©ruvr.ru ©ruvr.ru

Самарадан Иранға бағыт алған ұшақ Каспий теңізіне апатты жағдайда қонды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мамандары айтты.


Самарадан Иранға бағыт алған ұшақ Каспий теңізіне апатты жағдайда қонды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мамандары айтты.

Департаменттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін, сағат 14.50-де Маңғыстау облысының аэронавигация диспетчерлерінен екі пилоты бар жеңіл моторлы ұшақтың теңізге апатты жағдайда қонғаны туралы хабар келіп түсті. Пилоттарды құтқаруға "Егемен" күзет кемесі аттанды, Атырау әуежайынан үш құтқарушысы, экипаждың екі мүшесі бар "Ми-8" тікұшағы да жіберілді.

"Ұшақ Самарадан Орал мен Ақтау арқылы Иранға ұшқан. Ол Каспий теңізінің Атырау мен Маңғыстау облыстары арасындағы шекараға қонды. Екі пилот құтқарылды, олар аман, дендері сау", - деп хабарлады баспасөз қызметінің өкілдері.

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети