15 қыркүйек 2014 17:59

Үстіне теледидар құлаған баланың көзі көрмей қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ислам Катаев. ©aktau-business.com Ислам Катаев. ©aktau-business.com

Ақтауда үстіне теледидардың бөлшегі құлаған төрт жасар Ислам Катаевтың көзі көрмей қалды, - деп жазады "Ақтау бизнес"


Ақтауда үстіне теледидардың бөлшегі құлаған төрт жасар Ислам Катаевтың көзі көрмей қалды, - деп жазады "Ақтау бизнес"

Бір апта бұрын ол комадан шықты, бірақ әлі де ауруханада жатыр. Сәби 19 күн бойы есін жимады. Дәрігерлер оған "көз алмасының ІІ және ІІІ дәрежелі контузиясы" деген диагноз қойды. "Ең бастысы, баланың дене мүшелерінің семуі болған жоқ. Бұл жағдайда ол өмір бойы зағип болып қалар еді. Бүгінде бала қол шапалақтағанға мән бермей тұр. Біз үш-алты ай ішінде ол өзіне-өзі келіп, көретін болады деп үміттенеміз", - дейді облыстық балалар ауруханасының нейрохирург дәрігері Ербол Кенжевалов.

Еске сала кетейік, Ақтауда Ислам Катаевтың үстіне 8-қабаттан лақтырылған теледидардың бөлшегі түскен еді. Баланың 13 жастағы әпкесінің айтуынша, кешкісін олар үйге қайтып келе жатқан кезде №3 үйдің жанында ол баладан сәл көз жазып қалады. Сол сәтте бала қоқыс контейнерлерінің жанына барған, ал оның үстіне теледидардың бөлшегі құлайды. Бала есінен танып қалады.

Қазір Ислам Катаев "мама" деп айтатын болды. Көзі көрмесе де, бала төңірегінен анасын қолымен іздейді. Исламның отбасында одан бөлек бес ұл-қыз бар.  25 тамыз күні Ислам балабақшаға баруы тиіс болған. Анасы бұл оқиғаға кінәліні жауапқа тартуды талап етіп отыр.

"Бұл адамға абайсыздықта денсаулыққа ауыр нұқсан келтірді деген айып тағып отыр. Қалайша абайсыздықта? Ол өз әрекетін саналы түрде істеді емес пе? Ол маскүнем, материалдық шығынды төлей алмайды. Ол неге жазасыз қалуы тиіс? Оны уақытша ұстау изоляторына да қамаған жоқ, босатып жібере салды. Адам өз әрекеті үшін жауапқа тартылуы керек", - дейді Исламның анасы. Терезесінен теледидар лақтырған ер адамның үстінен "Денсаулыққа абайсыздықта нұқсан келтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын айта кетейік.

Бала көру қабілетінен айырылып қана қойған жоқ, сонымен бірге денесінің сол жағының жаны кетіп қалған. Қолы басына таңылған, аяғы қозғалмайды. Сәбиге күн сайын ем массажы жасалады, бірақ әзірше нәтиже жоқ. Ислам Катаевтың бассүйегіне шұғыл жағдайда операция жасалған. Сондай-ақ, дәрігерлер оның сал болып қалған сол жағына жан бітірудің амалдарын қарастырып жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети