13 қараша 2014 09:18

Үйлену тойы қонақтарын қағып өлтірген студент сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тengrinews.kz ©Тengrinews.kz

Ақтөбе облысында үйлену тойына келген екі қонақты көлігімен қағып өлтірген 20 жастағы жүргізуші жеті жылға бас бостандығынан айырылды, - деп жазады "Диапазон".


Ақтөбе облысында үйлену тойына келген екі қонақты көлігімен қағып өлтірген 20 жастағы жүргізуші жеті жылға бас бостандығынан айырылды, - деп жазады "Диапазон".

Қайғылы оқиға 10 тамыз күні Шалқарда болды. Алты адам мейрамханада өткен үйлену тойынан қайтып келе жатқан. Олар жолдың жиегінде тұрып, жолды кесіп өтпек болғанда, кенеттен ВАЗ-21154 көлігі шыға келіп, адамдарды, электр бағанын соғады. 18 бен 20 жастағы екі жігіт ауруханада қайтыс болды. Тағы екі адам ауыр жарақат алды.

Көлікті колледжде оқитын 20 жастағы жігіт басқарған. Ол машинаны танысының ағасынан алыпты. Жол-көлік оқиғасына кінәлі жігіттің айтуынша, сол сәтте қарама-қарсы бағытта келе жатқан машинаның алыс жарығы мұның көзін шағылыстырыпты. Ол машина ақыры табылмады. Ал студент зардап шеккендерді ауруханаға жеткізу үшін жол-жөнекей өткен көліктерді тоқтатқан.

Жігіт қоныс-колонияда жеті жыл жаза өтейтін болды. Сонымен бірге, ол марқұмдардың бірінің туыстарына моральдық шығын ретінде миллион теңге төлеуі керек. 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети