21 тамыз 2015 07:43

Үйлену тойына жиналған жастар Семейдің көпірінде жұрттың жағасын ұстатты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Үйлену тойының ұйымдастырушылары таяуда Семейде жаңа ашылған көпірді көлік көп жүретін уақытта жауып тастап, жас жұбайлардың серуен құруын видео мен суретке түсірмекші болған, - деп хабарлайды Vsemee.kz порталы "Қазақстан-Семей" телеарнасына сілтеме жасап.


Үйлену тойының ұйымдастырушылары таяуда Семейде жаңа ашылған көпірді көлік көп жүретін уақытта жауып тастап, жас жұбайлардың серуен құруын видео мен суретке түсірмекші болған, - деп хабарлайды Vsemee.kz порталы "Қазақстан-Семей" телеарнасына сілтеме жасап.

Үйленіп жатқан жұп той видеосын түсірумен айналысып жатқанда жолда үлкен кептеліс пайда болған. Наразы болған жүргізушілердің бірі оқиғаны ұялы телефон камерасына түсіріп алады. 

"Мұндай әрекет - той кортеждерін шығаратындардың дәстүрлі қылықтарының ішінде жаңадан пайда болғаны осы шығар", - деп жазады басылым. - Көпір - стратегиялық маңызды нысан. Онда кептелісті қолдан жасау, әсіресе арнайы қызмет көлігі бар бола отырып жасалған кезде бапқа қарамастан, 5-тен 10 АЕК-ке дейін айыппұл қарастырылады. Бұл ережені қайта бұзған жағдайда айыппұл еселеніп көбейеді, ал жүргізуші жол қозғалысы ережесін білу тестілеуіне қайта жөнелтіледі".

Жол полициясындағылар болса ереже бұзушыларға қарсы шаралар куәгерлердің де шағымы бойынша жүргізіледі. "Бұл заңбұзушылықтың дәлелі болуы керек. Яғни видеожазбаның болғаны қажет немесе куәгерлердің жауабы, сонымен қатар бұл азаматтың жазбаша арызы түсуі тиіс", - деді Семейдің жол полициясы батальонының командирінің орынбасары Әсет Арынов.

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети