28 шілде 2016 10:34

Ыстықкөлдегі төбелестің мән-жайы белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Youtube.com © Youtube.com

Sputnik Қырғызстан басылымының тілшілері Шолпан-Атадағы "Голубой Иссык-Куль" пансионатындағы туристердің арасында болған төбелестің мән-жайын анықтады.


Sputnik Қырғызстан басылымының тілшілері Шолпан-Атадағы "Голубой Иссык-Куль" пансионатындағы туристердің арасында болған төбелестің мән-жайын анықтады.

Шипажайдың директорының орынбасары Бақыт Мамбетовтың айтуынша, бірнеше адам мас күйінде жанжал шығарған. Олардың пансионат аумағында төбелес шығаруына емдеу-сауықтыру мекемесіне кіру үшін ақша төлеу керектігі себеп болуы мүмкін. Айта кетейік, сауықтыру мекемесіне кіру үшін әр адам 20 сом төлеуі қажет.

"Шипажайдың қызметкерлеріне дөрекі сөздер айтқан. Кана есімді жігіт оларды ұрамын деп те қорқытқан. Кейіннен олардың бірі өтіп бара жатқан жігітті пакетпен ұрып жіберген. Содан төбелес басталады. Біздің қызметкерлер оларды тыныштандырған. Ал жергілікті полицейлер келгенде, барлығы тарап кетті", - деді Бақыт Мамбетов.

Оның айтуынша, жанжал шығарғандардың бір тобы - Қазақстаннан келген туристер, ал екіншісі - жергілікті тұрғындар.

"Қызметкерлердің аты-жөнін анықтау қиындық тудырмайды. Бізде олардың аты-жөндері мен мекен-жайлары бар. Олар Шолпан-атаның тұрғындары. Видеодан біздің қызметкерлердің төбелесіп жатқан бір топ адамды ажыратып жатқаны көрінеді", - деді пансионат директорының орынбасары.

Ал Ыстықкөл Ішкі істер басқармасының баспасөз хатшысы Сталбек Усубакуновтың айтуынша, құқық қорғау органдары қазіргі уақытта болған оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. "Емдеу-сауықтыру мекемесіне кіру үшін әр адам 20 сом төлеуі керек. Мекемеге бас күзетші етіп жергілікті екі тұрғын алынды. Олардың міндеті - келген адамнан 20 сом алу. Видеожазбаға қарағанда екі күзетші де осы төбелеске қатысқан. Мүмкін күзетшілер бұл төбелеске келушілерге ақшаны төлету үшін қатысқан шығар", - деді баспасөз хатшысы.

"Барлық материалды жинап, оқиғаның куәгерлерінен алған мәліметтерден соң бұл қақтығысқа заңды түрде баға беріледі. Бірақ ешқандай арыздар мен өтініштердің түспеуіне байланысты бұл оқиғаға қатысты іс тоқтатылуы мүмкін, - деді ІІБ өкілі.

Еске салайық, төбелестің видеосы 18 шілдеде YouTube хостингінде жарияланған еді. Басылымның мәліметінше, пансионат территориясында Қазақстаннан келген туристер тобы жергілікті жігіттермен жанжалдасып қалған. Қақтығыс төбелеске ұласқан. Қақтығыстың не себепті шыққаны хабарланбай отыр. Оқиғадан кейін аудандық ішкі істер бөліміне бұл жағдайға байланысты шағым түспепті. Сондай-ақ, төбелеске қазақстандықтардың қатысқан болуы мүмкін деп айтылған еді.

Видеода ненорматив лексиканың қолданылғанын ескертеміз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети