15 маусым 2017 12:37

Зымыран құлаған жерде зардап шеккен ер адам жансақтау бөлімінде жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Зымыран құлаған жерде зардап шеккен Жезқазған тұрғыны жансақтау бөлімінде жатыр. 1968 жылғы ер адамның денесінің 45 пайызы күйіп қалған. Дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Зымыран құлаған жерде зардап шеккен Жезқазған тұрғыны жансақтау бөлімінде жатыр. 1968 жылғы ер адамның денесінің 45 пайызы күйіп қалған. Дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"1968 жылғы ер адам ауыр жағдайда Жезқазғандағы Орталық қалалық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Ер адамның денесінің 45 пайызы күйіп қалған. Дәрігерлер барлық қажетті көмекті көрсетіп жатыр", - баспасөз хатшысы Айжан Иса.

Сондай-ақ, оның Жезқазған тұрғыны екені белгілі болды. Ол КамАЗ жүргізушісі болып жұмыс істеген.

Осыған дейін зымыран қирандысы құлаған жерде бір адамның қаза тапқаны жайлы хабарланған болатын. Ал кейінірек Роскосмос Жезқазған маңындағы қайғылы оқиғаға байланысты пікір білдірген еді. Олардың айтуынша, өртке қатты соққан жел себеп болған. "Ауыр метеожағдайларға байланысты халық тұрмайтын аумақта өрт шықты. Адамдарға еш қауіп төніп тұрған жоқ, өрт сөндірілді", - деген еді Роскосмос өкілдері.

14 маусымда кешкі уақытта қолданушылар WhatsApp мессенджері арқылы Жезқазған маңындағы Талап ауылына зымыран құлағаны туралы хабар таратқан болатын. Хабарламада қирандыда гептил (адам өміріне өте қауіпті химиялық улы зат) бар делінді. Ауыл тұрғындарына есік пен терезелерді жабу керектігі және балаларды көшеге шығармау туралы ескерту жасалған болатын. Сондай-ақ, осыған дейін Жезқазған маңына құлаған зымыран қирандысында қатерлі гептил жоқ екені айтылған еді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети