20 маусым 2014 11:11

ӘЧ-2014-де Жапония мен Грекия тең түсті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бразилиядағы ӘЧ-2014 ойындарында Жапония мен Грекия құрамалары топтық кездесу матчында теңбе-тең ойнады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Vesti.kz-ге сілтеме жасап. 


Бразилиядағы ӘЧ-2014 ойындарында Жапония мен Грекия құрамалары топтық кездесу матчында теңбе-тең ойнады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Vesti.kz-ге сілтеме жасап. 

Наталдағы "Арена дас Дунас" стадионында өткен С тобының кездесу 0:0 есебімен аяқталды. Ойынның 38-минутында грекиялық жартылай қорғаушы Костас Кацуранис екінші рет сары қағаз алып, алаңнан шеттетілді. Алайда Жапония құрамасы гректерден басым түсе алмады.

Айта кету керек, ӘЧ-2014 бірінші турында гректер Колумбия құрамасынан үлкен есеп айырмашылығымен жеңіліп қалған болатын, ал жапондар Кот-д'Ивуар құрамасынан жеңіліс тапқан еді. ӘЧ-2014 екінші турының матчында Колумбия ивуарлықтарды 2:1 есебімен ұтты. Грекия мен Жапония тең ойнап, Колумбия командасы Әлем чемпионатының 1/8 финалына жолдама алды. Қалған үш команда плей-оффқа шығуға үмітті. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети