25 маусым 2014 09:50

ӘЧ-2014: Уругвай Италияны плей-офф кезеңіне жібермеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Футболдан Бразилияда өтіп жатқан әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне жолдама үшін болған шешуші кездесуде Уругвай құрамасы Италия командасын қапы қалдырды" деп мәлімдейді Tengrinews.kz Vesti.kz ақпарат құралына сілтеме жасап.


"Футболдан Бразилияда өтіп жатқан әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне жолдама үшін болған шешуші кездесуде Уругвай құрамасы Италия командасын қапы қалдырды" деп мәлімдейді Tengrinews.kz Vesti.kz ақпарат құралына сілтеме жасап.

 Наталадағы "Арена дас Дунас" стадионында өткен D тобындағы аталмыш ойында уругвайлықтар италиялықтарды 1:0 есебімен ұтты. Кездесудегі жалғыз голды ойынның 81-ші минутында Диего Годин соқты.

Осы жеңістен кейін алты ұпай олжалаған Уругвай құрамасы өз тобында екінші орын иеленіп, сайыстың плей-офф кезеңіне шықты. Үш ұпай жинаған италиялықтар еліне оралуға мәжбір.

Сонымен қатар, D тобында Англия мен Коста-Рика құрамалары да өзара күш сынасты. Белу-Оризонтадағы "Минейро" сталионында өткен ойын тең аяқталды. Нәтижесінде жеті ұпаймен өз тобында көш бастаған Коста-Рика чемпионаттың плей-офф кезеңіне жол тартты. Топтық кезеңде бір ұпай еншілеген ағылшындықтар өз тобында соңғы орынды иеленіп, Бразилиямен қош айтысты.

ӘЧ-2014 12 маусымда басталып, 13 шілдеде мәресіне жетеді. Қазақстандық жанкүйерлер әлемдік футбол ойындарын "KazSport, "Қазақстан" және "Евразия" Бірінші арнасы" телеарларынан тамашалай алады..

Чемпионат жеңімпазы 35 миллион доллар олжаласа, екінші орын алған құрама-25, үшінші орын-22 миллион долларды қанжығасына байлайды.

ӘЧ-2014 басталар алдында көпшілік Бразилия, Италия, Германии, Аргентина және Испания құрамаларын фавориттер деп атаған болатын.

 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети