22 тамыз 2014 10:26

"Ақтөбе" - "Легия" матчынан соң тәртіпсіздік болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото "Ақтөбе" ФК фанаттарының "ВКонтакте"-дегі қоғамдастығынан алынды Фото "Ақтөбе" ФК фанаттарының "ВКонтакте"-дегі қоғамдастығынан алынды

"Ақтөбе" ФК жанкүйерлері польшалық "Легиямен" болған Еуропа лигасы матчынан кейін тәртіпсіздік ұйымдастырды, - деп хабарлайды Vesti.kz.


"Ақтөбе" ФК жанкүйерлері польшалық "Легиямен" болған Еуропа лигасы матчынан кейін тәртіпсіздік ұйымдастырды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Куәгерлердің айтуынша, өз клубының жеңілісіне төзбеген "Ақтөбе" ФК жанкүйерлері стадионнан шыққан соң "Легия" фанаттарынан өш алмақ болды. Бірақ полицейлер мен ішкі әскер қызметкерлері олардың жолын бөгеді. Жанкүйерлер тәртіп сақшыларын таспен атқылап, оларға стадион маңындағы жазғы кафенің үстелдері мен орындықтарын лақтырды.

Оқиға салдарынан кем дегенде бір тәртіп сақшысы ауруханаға түсті. Зардап шеккендер саны мен келген шығын көлемі әзірше белгісіз. Толығырақ мына жерден оқи аласыздар. 

Еске сала кетейік, фанаттар "Ақтөбе" мен "Легия" ойыны басталмас бұрын да өзара төбелескен еді. Төбелеске "13-сектор" тарапынан 30-35 адам, польшалықтардан 20 адам қатысты. 

Айта кетейік, кездесуде "Ақтөбе" өз алаңында "Легиядан" 0:1 есебімен жеңілген болатын. Қарымта кездесу 28 тамызда Варшавада өтеді. Еуропа лигасы аясындағы ойында "Астана" командасы да испаниялық "Вильярреалдан" жеңілді. Есеп - 0:3. Келесі ойын Испанияда 29 тамызға қараған түні болады. 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети