12 мамыр 2014 17:11

Әлем біріншілігіне қатысатын Жапония құрамасы белгілі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Футболдан Жапония құрамасы. ©sport.bigmir.net Футболдан Жапония құрамасы. ©sport.bigmir.net

Футболдан Жапония құрамасының бас бапкері  Альберто Дзаккерони Бразилияда өтетін әлем біріншілігіне қатысатын футболшылардың тізімін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Футболдан Жапония құрамасының бас бапкері  Альберто Дзаккерони Бразилияда өтетін әлем біріншілігіне қатысатын футболшылардың тізімін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бапкердің 23 футболшыдан құралған тізімінде "Милан" командасының жартылай қорғаушысы Кейсуке Хода мен "Манчестер Юнайтедтің" жартылай қорғаушысы Синдзи Кагава да бар. 

Әлем біріншілігіне қатысатын Жапонияның толық құрамы мынадай:

Қақпашылар: Эйдзи Кавасима ("Стандард", Бельгия), Сюсаку Нисикава ("Урава Редс"), Сюита Гонда ("Токио");

Қорғаушылар: Ясуюки Конно ("Гамба Осака"), Масахико Иноха ("Джубило Ивата"), Юто Нагатомо ("Интер", Италия), Масато Морисиге ("Токио"), Ацуто Утида ("Шальке", Германия), Мая Есида ("Саутгемптон", Англия), Нироки Сакаи ("Ганновер", Германия), Готоку Сакаи ("Штутгарт", Германия);

Жартылай қорғаушылар: Ясухито Эндо ("Гамба Осака"), Макото Хасэбэ ("Нюрнберг", Германия), Тосихиро Аояма ("Санфречче Хиросима"), Хотару Ямагути ("Сересо Осака"), Кейсуке Хонда ("Милан", Италия), Синдзи Кагава ("Манчестер Юнайтед", Англия);

Шабуылшылар: Есито Окубо ("Кавасаки Фронтале"), Синдзи Окадзаки ("Майнц", Германия), Хироси Киетакэ ("Нюрнберг", Германия), Еитиро Какитани ("Сересо Осака"), Манабу Сайто ("Иокогама Маринос"), Юя Осако ("Мюнхен 1860", Германия).

Айта кетейік, әлем біріншілігінің топтық кезеңінде Жапония Кот-д'Ивуара, Грекия және Колумбия құрамаларымен бір топта өнер көрсетеді. Футболдан  әлем чемпионаты 12 маусым мен 13 шілде аралығында Бразилияда өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін әлем біріншілігіне қатысатын футболшылардың тізімдерін Бразилия, Португалия және Мексика құрамалары жарияланған болатын.

Реттік саны бойынша ХХ рет өткелі жатқан бұл біріншілікті Қазақстан аумағында "Еуразия бірінші арнасы", "Қазақстан" және KazSport арнасы тікелей эфирде таратады.   

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети