14 қараша 2018 10:00

Әлемнің ең көп ақы алатын футболшыларының табысы жарияланды

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS/Arnd Wiegmann © REUTERS/Arnd Wiegmann

Танымал италиялық журналист Танкреди Палмэри Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында әлемдегі ең көп ақы алатын 10 футболшының атын жариялады. Тізімді ол өз ақпаратына негіздеп жасаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.


Танымал италиялық журналист Танкреди Палмэри Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында әлемдегі ең көп ақы алатын 10 футболшының атын жариялады. Тізімді ол өз ақпаратына негіздеп жасаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Ең жоғары жалақы "Барселона" шабуылшы Лионель Мессиде болды - жылына 40 миллион еуро алады. Екінші орында - туриндік "Ювентус" шабуылшысы Криштиану Роналду - 31 миллион еуромен. Үздік үштікті франциялық "Пари Сен-Жермен" футболшысы Неймар қорытындылады, ол жылына 30 миллион алады.

Тізімді жалғастыратын жапониялық "Виссел Кобе" клубының жартылай қорғаушысы Андрес Иньеста (25 миллион), қытайлық "Шанхай Теллэйс" құрамасының жартылай қорғаушысы Оскар (24 миллион), ағылшын "Манчестер Юнайтед" шабуылшысы Алексис Санчес (22,5 миллион), мадридтік "Атлетико" шабуылшысы Антуан Гризманн (20 миллион), қытайлық "Шанхай СИПГ" командасының шабуылшысы Халк (20 миллион), қытайлық "Хэбэй Чайна Форчун" қорғаушысы Хавьер Маскерано (19 миллион) және Катар "Аль-Садд" клубының жартылай қорғаушысы Габи (19 миллион).

Қарашада CIES Football Observatory сарапшылары әлемдегі ең қымбат футболшыларды атаған. Онда бірінші орында Франция ұлттық құрамасының және ПСЖ шабуылшысы Килиан Мбаппе тұрды. 19 жастағы футболшы 201,2 миллион еуроға бағаланған.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети