28 қазан 2014 12:15

"Алтын доп" үміткерлері белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Халықаралық футбол федерациясы жылдың үздік футболшысына берілетін "Алтын доп" үміткерлерінің тізімін жариялады, - деп хабарлайды Vesti.kz ұйымның ресми сайтына сілтеме жасап.


Халықаралық футбол федерациясы жылдың үздік футболшысына берілетін "Алтын доп" үміткерлерінің тізімін жариялады, - деп хабарлайды Vesti.kz ұйымның ресми сайтына сілтеме жасап.

Сыйлықтың шорт-листінде "Бавария" және "Реал" командалары өкілдерінің көптігі айтылды. Мюнхендік клубтың "Алтын допқа" үміткерлерінің қатарында Мануэль Нойер, Марио Гетце, Филипп Лам, Томас Мюллер, Арьен Роббен және Бастиан Швайнштайгер бар. Жылдың үздік футболшысы атағына "Реал" ойыншыларынан Криштиану Роналду, Хамес Родригес, Гарет Бэйл, Карим Бензема, Тони Кроос және Серхио Рамостың үміткер екені жазылған. Шорт-листтің басқа қатысушыларын мына жерде таныса аласыз.

Үш фавориттің аты-жөні 1 желтоқсанда белгілі болады, ал жеңімпаз 2015 жылы 12 қаңтарда Цюрихтегі марапаттау шарасында анықталады. Айта кетейік, өткен жыл қорытындысы бойынша, "Алтын доп" Криштиану Роналдуға бұйырған еді, бұл оның екінші "Алтын добы" (бірінші сыйлығын 2008 жылы алған). Бұл атаққа таласта 28 жастағы Роналду мюнхендік "Бавария" мен Франция құрамасының жартылай қорғаушысы Франк Рибериді және каталондық "Барселона" мен Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Мессиді артта қалдырды. Соңғы төрт жыл бойы "Алтын доп" Лионель Мессиге бұйырып келді, оның соңғы екі жылында Криштиану Роналду екінші орындарда болды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети