27 тамыз 2015 22:41

"Астана" Чемпиондар лигасында "Бенфика", "Атлетико" және "Галатасарай" командаларымен ойнайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Бүгін, 27 тамызда Монакода Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің 2015/16 маусымы жеребесі тартылды, оның қорытындысы бойынша, елордалық "Астана" командасы келесі қарсыласын анықтады, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Бүгін, 27 тамызда Монакода Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің 2015/16 маусымы жеребесі тартылды, оның қорытындысы бойынша, елордалық "Астана" командасы келесі қарсыласын анықтады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Рәсімді Петер Шмейхель мен Мелани Винигер өткізді. Шара кезінде УЕФА нұсқасы бойынша Еуропаның 2014/15 маусымындағы Үздік футболшы мен осы титулдың қыздар арасындағы титулы берілді. Каталонияның "Барселона" командасында және Аргентина құрамасында шабуылшы Лионель Месси УЕФА нұсқасы бойынша Еуропаның 2014/2015 маусымының үздік ойыншысы атанды. Ал осы титулды қыздар арасында биылғы шілдеде мансап жолын аяқтағанын жария еткен Селия Шашич алып отыр. Ол - Германия футбол құрамасының ойыншысы. 

А: "Пари Сен-Жермен", "Реал", "Шахтер" (Донецк), "Мальме".
В: ПСВ, "Манчестер Юнайтед", ЦСКА, "Вольфсбург".
С: "Бенфика", "Атлетико" (Мадрид), "Галатасарай", "Астана".
D: "Ювентус", "Манчестер Сити", "Севилья", "Боруссия" (Менхенгладбах).
E: "Барселона", "Байер", "Рома", БАТЭ.
F: "Бавария", "Арсенал", "Олимпиакос", "Динамо" (Загреб).
G: "Челси", "Порту", "Динамо" (Киев), "Маккаби" (Тель-Авив).
H: "Зенит", "Валенсия", "Лион", "Гент".

Еске сала кетейік, "Астана" футбол клубы екі матчтың қорытындысы бойынша Кипрдің АПОЭЛ командасынан басым түсіп, Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шыққан болатын. Бұл ойынды Астанада мыңдаған адам тамашалады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети