05 тамыз 2015 22:32

"Астана" ФК Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Vesti.kz © Vesti.kz

"Астана" ФК финнің ХИК клубын екі матчтың қорытындысы бойынша жеңіп, Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне шықты, - деп хабарлайды Vesti.kz.


"Астана" ФК финнің ХИК клубын екі матчтың қорытындысы бойынша жеңіп, Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне шықты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Үшінші квалификациялық раундтың қарымта кездесуі бүгін "Астана Арена" стадионында өтті. Матчқа футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Юрий Красножан қатысты. Портал мәліметінше, кездесу 4:3 есебімен алаң иелерінің жеңісімен аяқталды. Алайда кездесуде Станимир Стойловтың шәкірттері 0:2 есебімен жеңіліп жатқан болатын.

Кездесуде бірінші болып қонақтар есеп ашты. Төртінші минутта Джаллоу ХИК командасын алға шығарды. 42 минутта Гидеон Бахх фин командасының есебін арттырды. Алайда "Астана" футболшылары үзіліске дейін бір гол соғып үлгерді. 44 минутта Патрик Твумаси көзге түсті.

Екінші таймның басында ХИК қақпасына 11 метрлік айып добы белгіленді, оны Рохер Каньянс (47-ші минут) сәтті пайдаланды, осылайша ол есепті теңестірді. Ал Дмитрий Шомко 56 минутта және Евгений Постников 90 минутта гол соқты. Толығырақ мына жерден оқи аласыздар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети