19 қазан 2015 22:05

"Астана" клубы "Атлетико" командасымен ойнау үшін Мадридке барды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Vesti.kz © Vesti.kz

Елордалық "Астана" клубы Чемпиондар лигасының топтық раундында "Атлетико" командасымен кездесу өткізу үшін Испанияның Мадрид қаласына ұшып барды, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Елордалық "Астана" клубы Чемпиондар лигасының топтық раундында "Атлетико" командасымен кездесу өткізу үшін Испанияның Мадрид қаласына ұшып барды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Команда Аустрия астанасы Вена арқылы шамамен тоғыз сағат ұшып барды. Бүгін "Астана" клубы жаттығу өткізеді. Ертең, 20 қазанда жаттығу БАҚ өкілдері үшін ашық болады. Сонымен қатар, команданың бас бапкері Станимир Стойлов баспасөз мәслихатын өткізеді. "Астана" - "Атлетико" матчы 22 қазанға қараған түні болады. 


© Vesti.kz

Еске сала кетейік, осыған дейін "Астана" клубы түріктің "Галатасарай" командасымен кездесу өткізіп, матч 2:2 есебімен аяқталған болатын. Осылайша, Станимир Стойловтың шәкірттері Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде бірінші ұпайға ие болып отыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети