26 тамыз 2016 10:07

"Астана" ойыншылары мемлекеттік марапатқа лайық - Стойлов

ПОДЕЛИТЬСЯ

© "Астана" ФК сайты © "Астана" ФК сайты

"Астана" клубының бас бапкері Станимир Стойлов Еуропа Лигасының плей-офф раундында БАТЭ клубымен болған екі кездесу туралы мәлімдеме жасады. Астаналық клуб еурокубоктың топтық кезеңіне өтті, - деп хабарлайды Vesti.kz.


"Астана" клубының бас бапкері Станимир Стойлов Еуропа Лигасының плей-офф раундында БАТЭ клубымен болған екі кездесу туралы мәлімдеме жасады. Астаналық клуб еурокубоктың топтық кезеңіне өтті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Басымдылықты ұстап тұрып тағы екі гол соқтық, бұл психологиялық тұрғыда өте маңызды. Екі жыл ішінде екі еурокубоктың топтық кезеңіне өттік. Жігіттер тарихта қалды, оларға тек рақмет айтуға болады. Олар мемлекеттік марапаттаулар мен басқа да құрметтерге лайық. Олардың жағдайы оңай болған жоқ. Олар англиялық чемпионаттың деңгейінде ойнамаса да, топтық кезеңге шығып жүр. Оларды сынауға болмайды. Тек құттықтау қажет", - деді Стойлов ойын соңынан кейінгі баспасөз мәслихатында.

Еуропа Лигасының плей-офф кезеңіне клубтың өтуі туралы сұрақтарға Стойлов команданы тастап кетпейтінін айтты. "Мен оларға көбірек тапсырмалар беремін. Біздің мақсатымыз - жақсы ойын көрсету, үйдегі жанкүйерлерді қуанту. Алдымен осы жеңіске қуанайық. Жербе тарату болады, сол кезде жаһандық тапсырмалар туралы айтуға болады. Біздің ойыншылар үлкен іс атқарды", - деді ол. 

Еске салайық, Еуропа Лигасының топтық кезеңіне шыққан "Астана" бұл турнирде бірінші рет ойнайды, ақтық ойында олар белоруссиялық БАТЭ командасын екі кездесудің қорытындысы бойынша 4:2 (2:0, 2:2) есебімен жеңген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети