22 қазан 2015 10:11

"Атлетикомен" болған матчтағы "Астана" командасының үздік ойыншысы анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Атлетикомен" болған матчтағы "Астана" командасының үздік ойыншысы анықталды. Goal.com сайтының нұсқасы бойынша, бұл кездесуде қақпашы Ненад Эрич үздік атанды, - деп хабарлайды Vesti.kz.


"Атлетикомен" болған матчтағы "Астана" командасының үздік ойыншысы анықталды. Goal.com сайтының нұсқасы бойынша, бұл кездесуде қақпашы Ненад Эрич үздік атанды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Бес балдық шкала бойынша Эрич 3,5 ұпай еншіледі. Дәл осындай ұпайда Goal.com "Атлетико" клубының жартылай қорғаушысы Янник Карраскоға да берді. Айта кетейік, Янник Карраско барлық кездесуде үздік ойыншы атанып келеді. Басылымның мәліметі бойынша, "Астананың" ең нашар ойыншысы өз қақпасына гол салып алған Денис Дедечко болды. Оған 2 балл берілді. Дәл осындай ұпайды Абзал Бейсебеков пен Елдос Ахметов еншіледі. Ал 64-ші минутта алаңға шыққан Игорь Пикалкин үш ұпай алды. Толығырақ мына жерден оқи аласыздар.

Еске сала кетейік, "Астана" клубы Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің үшінші турының матчында "Атлетико" командасынан 4:0 есебімен жеңілді. "Астана" келесі матчында тағы да "Атлетико" клубымен ойнайды. Матч 3 қарашада "Астана Арена" стадионында өтеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети