02 қараша 2014 16:55

Бразилиялық футболшыны белгісіз біреу атып өлтірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©depositphotos.com ©depositphotos.com

Бразилияның "Боа" футбол клубының бұрынғы ойыншысы Эдсон Алвес денесіне бес оқ тиіп, қайтыс болды, - деп хабарлайды "Российская газета"


Бразилияның "Боа" футбол клубының бұрынғы ойыншысы Эдсон Алвес денесіне бес оқ тиіп, қайтыс болды, - деп хабарлайды "Российская газета"

Қайғылы оқиға Бразилияның Флориано қаласында болды. 27 жастағы футболшы өзінің бауырымен бірге клубта демалған. Футболшы әлдекіммен сөзге келіп қалады, қазір бұл адам негізгі күдікті болып отыр.

Жергілікті полицияның мәлімдеуінше, Алвес пен оның ағасы кафеге келген кезде-ақ оқ атылған. Тергеудің жай-жапсары жария етілмей отыр. "Боа" клубы бұрынғы ойыншысының қаза болуына байланысты көңіл айтты. "Боа" футбол клубы Эдсонның қазасына байланысты қатты қайғырады", - делінген бразилиялық команданың ресми сайтында. 

 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети