10 тамыз 2014 19:55

Диего Марадона журналистке қол көтерді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© РИА Новости. © РИА Новости.

Футболдан Аргентина құрамасының бұрынғы ойыншысы әрі бұрынғы бапкері Диего Марадона журналистке қол көтерді, - деп хабарлайды Metro.co.uk.


Футболдан Аргентина құрамасының бұрынғы ойыншысы әрі бұрынғы бапкері Диего Марадона журналистке қол көтерді, - деп хабарлайды Metro.co.uk.

Бұл оқиға Аргентина құрамасының даңқты ойыншысы Диего Армандо Марадона өзінің ұлы Диего Фернандо және жұбайы Вероника Охедамен бірге театрдан қайтып келе жатқанда болған. Оның көлігін жолда тілшілер тоқтатып, сұхбат алуға тырысады. Марадонаның айтуына қарағанда, сұхбат барысында тілшілердің бірі оны әйеліне қадала қарап, көзін қысқан. Сөйтіп ол көлігінен түсіп, тілшімен дөрекі сөйлескен. Әңгіме барысында бұрынғы футболшы шапалақпен тілшінің бетінен тартып қалады.

Айта кетейік, бұл Марадонаның БАҚ өкілдерімен бірінше рет қақтығысып қалған кезі емес. Өткен жылдың мамыр айында ол әуежайда тілшіге қол көтеріп, фотографтарға тас лақтырған еді.  

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети