11 қараша 2015 11:24

Ерлан Қожағапанов Айсұлтан Назарбаевпен диалогқа келуге дайын

ПОДЕЛИТЬСЯ

© dixinews.kz © dixinews.kz

"Астана" спорт клубының директоры қызметінен кеткен Ерлан Қожағапанов қазақстандық футболға өзгерістердің қажет екені өзіне ғана керек емес екеніне қуанышты. Бұл туралы ол Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында айтты.


"Астана" спорт клубының директоры қызметінен кеткен Ерлан Қожағапанов қазақстандық футболға өзгерістердің қажет екені өзіне ғана керек емес екеніне қуанышты. Бұл туралы ол Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында айтты.

Қожағапановтың айтуынша, қазіргі уақытта Қазақстан футбол федерациясына түбегейлі өзгерістер қажет. "Айсұлтанның да футболымызға өзгерістердің қажет екенін айтуы тамаша жағдай. Бұл мәселеде мен онымен келісемін. Қазақстан футбол федерациясы футболымызға өзгерістердің қажет екенін түсінеді. Бірақ өзгерістер эволюциялық емес, революциялық шығар. Футболда біржақты шешімдер қабылданбауы керек", - деді ол.

Сонымен қатар, Қожағапановтың айтуынша, қазақстандық футболдың мүддесі кең көлемдегі талқылауды талап етеді. "Сондықтан 22 қарашада Федерация Республикалық Футбол Форумын өткізеді. Оған қатысуға барлығын шақырамыз, Айсұлтан Рахатұлын да. Біз онымен диалогқа келуге дайынбыз. Таяу күндері форумның өтетін орнын хабарлаймыз. Бірге жұмыс істейміз және футболымыздың дамуы үшін бар мүмкіндігімізді аямаймыз", - деді ол.

Осыған дейін Ерлан Қожағапановтың "Астана" президенттік кәсіби спорт клубының директоры қызметінен кеткені белгілі болды. Бұл қызметте ол 4 ай жұмыс істеді. Қожағапанов Федерацияның жұмысына көп көңіл бөлуге бел буғанын айтты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети