01 тамыз 2014 16:07

Еурокубок додаларында Қазақстан клубтары ең көп ұпай жинады

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Астана" ФК ойыншылары. ©ФК Астана "Астана" ФК ойыншылары. ©ФК Астана

Футболдан УЕФА-ның рейтингі бойынша Еурокубок додаларында ең көп ұпай жинаған Қазақстан клубтары болып тұр, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Футболдан УЕФА-ның рейтингі бойынша Еурокубок додаларында ең көп ұпай жинаған Қазақстан клубтары болып тұр, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстан клубтары, атап айтқанда "Ақтөбе", "Шахтер", "Астана" және "Қайрат" біздің қоржынға 3,125 ұпай салды. Мұндай көрсеткішпен Қазақстан бүгінгі таңда 2,750 ұпай жинаған Хорватия, 2,500 ұпай жинаған Лихтенштейн құрамаларының алдында келеді. Айта кетейік, футболдан қартамыс құрлықтың бас додасында "Ақтөбе", "Шахтер" және "Астана" сынды клубтарымыз өнер көрсетіп жатыр. Ал алматылық "Қайрат" болса ірікетеу кезеңінің екінші айналымында "Эсьбергке" ұтылып, турнирден тыс қалды.

Еуропа футбол одағының жалпы кестесінде Қазақстан бас-аяғы 10,125 ұпай жинап, 32 орынға жайғасқан. УЕФА-ның рейтингі бойынша Қазақстан Молдава (33-орын, 9,625 ұпай) және Грузиядан (34-орын, 9,375 ұпай) алда келеді. Әзірбайжан мен Словакия бізден жоғары тұр. Бұл екі елдің еншісінде 10,750 ұпайдан бар. 

Еске салайық, Еуропада бәсі ең биік турнир, Чемпиондар лигасында ел намысын қорғап жүрген "Ақтөбе" клубы іріктеудің үшіншің айналымында румыниялық "Стяуамен" кездесіп, 2:2 есебімен тең тарқасты. Ал Еуропа лигасында бақ сынап жатқан "Шахтер" хорватиялық "Хайдукты" 4:2 есебімен ұтса, елордалық "Астана" швециялық "АИК" клубымен 1:1 болып тең түсті.  

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети