04 шілде 2014 00:04

Еурокубоктағы қазақ футболының жеңісті күні

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото fca.kz сайтынан Фото fca.kz сайтынан

Бүгін футболдан Еуропа лигасының 2014/2015 жылдар маусымындағы бірінші електік сатысының ойындары басталды. Қазақстанның үш клубы алғашы ойындарын өткізіп, үшеуі де жеңіске жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Бүгін футболдан Еуропа лигасының 2014/2015 жылдар маусымындағы бірінші електік сатысының ойындары басталды. Қазақстанның үш клубы алғашы ойындарын өткізіп, үшеуі де жеңіске жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Осыдан бірер сағат бұрын Қазақстан клубтары Еуропа лигасының 2014/2015 жылдар маусымындағы додасын бастап, бірінші ойындарын өткізді. Екеуі түзде ойнап, біреуі өз алаңында додаға түсті.

Абырой болғанда, үшеуі де жеңіске жетіп, отандық жанкүйерлерді қуантты. Әсіресе, "Астана" мен "Шахтер" клубтары өрнекті ойын үлгісін көрсетіп, Арменияда жергілікті клубтарды тізе бүктірді. Әрі екеуінің де келесі кезеңге шығу мүмкіндіктері арта түсті.

"Астана" футболшылары "Пюник" клубын ойсырата жеңсе, Қарағанды клубы "Ширак" командасынан басым түсті. Бұл ойында алаң иелері жалғыз голды күдікті пенальтиден соқты.

Бір ескерте кетерлігі, осы екі матчтың алдында Армения клубтары құрамдарын біраз нығайта түскен болатын. Бірақ қанша тырысқандарымен, Қазақстан клубтарына шамалары жетпеді.

Ал "Қайрат" Алатау бөктерінде Албаниядан келген "Кукеси" клубын әзер ұтты. Алматы клубының жаңа ойыншылары әлі спортық баптарына келе алмай жүр ме, жанкүйерлерін біраз қобалжытты.

Әйтсе де, ойынның соңғы минуттарында дара голды Аслан Дарабаев соғып, сегіз жылдан кейін Еурододаға оралған "Қайрат" жеңіске жетті.

"Пюник" (Ереван, Армения) – "Астана" (Астана, Қазақстан) – 1:4
Голдар: Нөсербаев, 40 (0:1). Жолшиев, 67 (0:2). Папикян, 68 (1:2). Кетевоама, 71 (1:3). Курдов, 84 (1:4).

"Астана": Эрич, Пикалкин, Дмитренко, Аничич, Шомко, Каньяс, Нұрдәулетов (Курдов, 46), Жолшиев (Бейсебеков, 80), Кетевоама, Жуков, Нөсербаев (Шахметов, 59).

"Ширак" (Гюмри, Армения) – "Шахтер" (Қарағанды, Қазақстан) – 1:2
Голдар: Топчагич, 71 (0:1). Малый, 83 (0:2). Дебле, 86-пенальтиден (1:2).

"Шахтер": Мокин, Джидич, Малый, Масло, Симчевич, Вичюс, Қонысбаев (Саломов, 79), Покривач (Байжанов, 90), Киров, Топчагич (Мурзоев, 89), Финонченко.

"Кайрат" (Алматы, Қазақстан) – "Кукеси" (Кукес, Албания) – 1:0
Гол: Дарабаев, 89.

"Кайрат": Хомич, Плиев, Гурман, Кислицын, Смақов, Михалик (Байтана, 82), Исламхан, Бакаев, Едигарян (Дарабаев, 66), Гоу, Исаэл (Кнежевич, 66).

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети