24 шілде 2014 20:58

Еуропа лигасы: "Шахтер" "Атлантастан" басым түсті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото shahter.kz сайтынан Фото shahter.kz сайтынан

Еуропа лигасының екінші електік сатысындағы қарымта кездесуін өз алаңында өткізген "Шахтер" Литваның "Атлантас" клубын 3:0 есебімен ойсырата ұтып, келесі кезеңге өтті, деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Еуропа лигасының екінші електік сатысындағы қарымта кездесуін өз алаңында өткізген "Шахтер" Литваның "Атлантас" клубын 3:0 есебімен ойсырата ұтып, келесі кезеңге өтті, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қарағандыдағы матч мейілінше тартысты басталды. Кеншілер клубы қанша шабуылдаса да, Клайпеда клубының қақпасын нысанаға ала алмай, пұшайман болды.

Ал "Атлантас" жеңісті қолдан бермеуге бекініп келген екен, сауатты түрде қорғаумен қатар, қарсы шабуылдарымен "Шахтердің" қорғанысын піспектеп бақты.

Әрі қонақтардың шабуылы кеншілер клубының әрекеттеріне қарағанда қауіптірек болды. Тіпті алаң иелерінің қақпасына екі рет дәл соққы бағыттап, Қазақстан жанкүйерлерінің зәрелерін ұшырды.

Тек бірінші таймның аяғында "Шахтердің" шабуылдары аса қауіпті болып, қонақтарын тықсыра түсті. Алайда гол соғудың сәті түспей, бірінші тайм тең аяқталды.

Екінші тайм басталысымен Топчагич гол соғып, кеншілер клубы алға шықты. Көп ұзамай тағы бір гол соққан. Бірақ Ұлан Қонысбаевтың бұл голы есепке алынбады.

Алайда, Ұлан да қайтпай, Клайпеда клубының қақпасына гол соғып тынды. Ал ойынның аяқталуына санаулы секундтар қалғанда Роман Муртазаев үшінші голды соғып, осы ойынның нүктесін қойды.

Әрине, құрамында жас ойыншылары көп "Атлантас" екінші таймда кеншілер клубына лайықты деңгейде қарсылық көрсете алмады. Бірақ тәжірибесі молырақ "Шахтер" ойыншылары сабырлық, тиянақтылық танытпады.

Әйтеуір, деңгейінің жоғары екендігін дәлелдеп, басым түсті. Кез келген кубок жолындағы додада ең бастысы нәтиже екендігін білеміз. Әйтсе де, кеншілер клубының ойыншылары орынсыз ескерту алмауды да ескерсе екен дейміз.

Мүлде қажет емес ойын сәттерінде ескертуді көп алып, сары қағазбен жазаланды. Енді тек осы ескертулері алдағы ойындарға кесірін тигізбесін деп тілейміз.

"Шахтердің" келесі кезеңдегі қарсыласы сәлден кейін анықталады. Бірақ Еуропа лигасының үшінші електік сатысындағы қарсыласы "Хайдук" (Хорватия) клубы болатындығына күмән келтірмейміз...

"Шахтер" (Қарағанды, Қазақстан) – "Атлантас" (Клайпеда, Литва) – 3:0

Голдар: Топчагич, 46. Қонысбаев, 61. Муртазаев, 90
Ескертулер: Қонысбаев, 53. Симчевич, 56. Топчагич, 68 – Жукаускас, 36. Д.Казлаускас, 53. Гнедоюс, 55.

"Шахтер": Мокин, Джидич, Малый, Масло, Симчевич, Киров, Вичюс, Қонысбаев, Покривач (Байжанов, 68), Топчагич (Мурзоев, 84), Финонченко (Муртазаев, 89).

"Атлантас": Галдикас, Йокшас, Гнедос, Емелин, М.Казлаускас, Барткус, Д.Казлаускас, Папшис, Жукаускас (Ракаускас, 80), Элиошюс (Максимов, 62), Крушнаускас (Баранаускас, 72).

Бас төреші: Дмитрий Мунтян (Молдавия)

Бірінші ойын – 0:0

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.49   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети