03 қыркүйек 2014 08:52

ФИФА президенті: 2018 жылғы әлем чемпионаты Ресейде өтеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) президенті Йозеф Блаттер футболдан 2018 жылғы әлем чемпионатын Ресейден тартып алу туралы мүлде сөз қозғаудың қажеті жоқ деп айтты. Бұл туралы РИА Новости хабарлайды.


Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) президенті Йозеф Блаттер футболдан 2018 жылғы әлем чемпионатын Ресейден тартып алу туралы мүлде сөз қозғаудың қажеті жоқ деп айтты. Бұл туралы РИА Новости хабарлайды.

"Әлем чемпионаты Ресейде өтеді, өзге елде өту туралы мүлде сөз қозғаудың қажеті жоқ. Біз 2018 және 2022 жылдары әлем біріншілігін ұйымдастырушыларға сенеміз. Қазіргі уақытта біз ФИФА-ның тәртіп комитеті мәлімдемесін күтіп отырмыз", - дейді Блаттер. 

Еске салайық, бүгінгі таңда ФИФА 2018 және 2002 жылғы әлем чемпионатын қабылдайтын Ресей мен Қатар әлем чемпионатын өткізу құқығын сатып алды деген мәселеге байланысты тергеу жүргізіп жатыр. ФИФА-ның тәртіп комитетінің өкілі Майкл Гарсия бұл іске байланысты тергеу қорытындысын шілде айында өткізу керек еді.

Бұған дейін Еуроодақ Ресейді ФИФА мен УЕФА-ның қатарынан шығарғысы келеді деген ақпарат шыққан болатын. Егер футбол шенеуніктері бұл қадамға баратын болса, онда Ресей екі ұйымның аясында өтетін әлем чемпионатына, Еуропа чемпионатына, Чемпиондар лигасына, Еуропа лигасына қатыса алмай, 2018 жылғы Әлем чемпионатын өткізу құқығынан айырылады.  

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети