23 қазан 2014 17:38

ФИФА рейтінгінде Қазақстан құрамасы бес саты төмен сырғыды

ПОДЕЛИТЬСЯ

fifa.com сайтынан қиылып алынды fifa.com сайтынан қиылып алынды

Бүгін FIFA футболдан бүкіләлемдік ұлттық құрамалар рейтингін жаңартып шығарды. Онда Қазақстан ұлттық құрамасы 132-орынға сырғыпты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Бүгін FIFA футболдан бүкіләлемдік ұлттық құрамалар рейтингін жаңартып шығарды. Онда Қазақстан ұлттық құрамасы 132-орынға сырғыпты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Өткен айда біздің ұлттық құрамамыз 127-орында тұрған болатын. Бір айдың ішінде Қазақстан ұлттық құрамасы екі ойын өткізді. Екеуі де 2016 жылғы Еуропа чемпионатының електік додасы аясындағы кездесулер.

Атап айтқанда, біздің футболшылар түзде Нидерланды құрамасынан 1:3 есебімен ұтылып, Астанада Чехия құрамасына 2:4 есебімен есе жіберіп алды.

Төменде жаңа рейтингтің көшбасшыларын және Қазақстан ұлттық құрамасымен "Еуро-2016" додасының іріктеу сатысында бір топта ойнайтын құрамалардың қай орындарға орналасқандығын беріп отырмыз:

1 (1). Германия – 1669 ұпай
2 (2). Аргентина – 1565
3 (3). Колумбия – 1420
4 (5). Бельгия – 1388
5 (4). Нидерланды – 1375
22 (28). Чехия – 870
28 (33). Исландия – 816
46 (38). Түркия – 614
99 (99). Латвия – 340
132 (127). Қазақстан – 218

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети