26 маусым 2014 09:18

Франция мен Швейцария плей-офф кезеңіне жолдама алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Бразилияда өтіп жатқан футбол додасында "Е" тобында өнер көрсеткен Франция мен Швейцария плей-офф кезеңіне жолдама алды" деп хабарлайды Tengrinews.kz Vesti.kz ақпарат құралына сілтеме жасап.


"Бразилияда өтіп жатқан футбол додасында "Е" тобында өнер көрсеткен Франция мен Швейцария плей-офф кезеңіне жолдама алды" деп хабарлайды Tengrinews.kz Vesti.kz ақпарат құралына сілтеме жасап.

Француздар соңғы ойында Эквадор құрамасымен кездесті. Рио-де-Жанейродағы "Маракана" стадионында өткен ойын 0:0 есебімен тең аяқталды. Бұл ойынға француздар жартылай қосалқы құраммен шықты.

Осы топтағы қатар ойын Швейцария мен Гондурас құрамалары арасында болды. Мюнхендік "Баварияда" доп тебетін швейцариялық жартылай қорғаушы Джердана Шакири хет-трик (6-шы, 31-ші және 71-ші минуттарда) жасап, өз құрамасын плей-офф кезеңіне алып шықты.

Сонымен плей-офф кезеңінің алғашқы ойынын Франция Нигериямен, ал Швейцария Аргентинамен өткізеді.

Естеріңізге сала кетсек, 12 маусымда басталған футболдан әлем чемпионаты 13 шілдеде өз мәресіне жетеді. Жеңімпаз команда 35 миллион долар, екінші және үшінші орын алған командалар тиісінше, 25 және 22 миллион доллар сыйақы алатын болады.

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети