12 қазан 2014 16:13

Футболдан Қазақстан құрамасы Амстердамда жанкештілік танытты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ffk.kz сайтынан Фото ffk.kz сайтынан

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2016 жылғы Еуропа чемпионатының електік додасы аясындағы екінші ойынын Амстердамда Нидерланды құрамасымен өткізіп, қайсарлық танытты, деп жазады Tengrinews.kz.


Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2016 жылғы Еуропа чемпионатының електік додасы аясындағы екінші ойынын Амстердамда Нидерланды құрамасымен өткізіп, қайсарлық танытты, деп жазады Tengrinews.kz.

Амстердамдағы ойында Қазақстан футболшылары есеп ашып, алға шыққан болатын. Содан бір сағаттан астам уақыт бойы азулы Нидерланды құрамасы біздің қорғанысымызды бұза алмай, пұшайман болды. Тек 62 минутта есепті теңестіріп, терең бір дем алған еді...

Ал 64-минутта бас төреші біздің бір ойыншымызды алаңнан қуып (Жолшиевті), тым қатаң шешім қабылдады. Бір ойыншымыз кем құрамда деңгейі жоғары алаң иелеріне төтеп беру оңай болған жоқ. "Қызғалдақтар елінің" қырандары көп ұзамай тағы бір гол соқты. Ал ойынның аяғында словениялық бас төреші "жығылғанға жұдырықтың" керін жасап, біздің қақпаға пенальти белгіледі...

Бұл ойында біздің футболшылардың барлығы дерлік жанкештілік танытты. Әсіресе, қақпашы Александр Мокиннің бірнеше рет Нидерланды футболшыларының шабуылдарын тойтарып, соққыларын дарытпағандығын айта етуге тиіспіз.

Ойынан кейін Нидерланды құрамасының бас бапкері, әйгілі Гус Хиддинк "қарсыласымыз бір гол соғып алып, қорғанысын күшейтті, біз қарқынымызды бәсеңсітпесек, гол соғатынымызға сенімді болдық, ұпай жоғалту қаупі төніп, сасқан жоқпыз" деп қанша сабырлы болуға тырысқанымен, жанкүйерлерінің біраз уақыт сары уайымға түскендері анық.

Нидерланды – Қазақстан – 3:1

Голдар: Абдулин, 17 (0:1). Хунтелаар, 62 (1:1). Афеллай, 82 (2:1). Ван Перси, 89-пенальтиден (3:1).
Ескертулер: Абдулин, 33. Дмитренко, 55. Мирошниченко, 89.
Алаңнан аластатылды: Жолшиев, 64.

Нидерланды: Силессен, Ван дер Виль, Де Врей, Мартинс Индии (Фер, 81), Блинд, Де Йонг (Хунтелаар, 56), Афеллай, Снейдер, Ленс, Ван Перси, Роббен

Қазақстан: Мокин, Воротников, Абдулин, Дмитренко (Гурман, 72), Мирошниченко, Сүйімбаев, Карпович (Коробкин, 79), Шомко, Богданов, Жолшиев, Хижниченко (Нұрғалиев, 90).

Бас төреші: Матей Юг (Словения)
10 қыркүйек. Амстердам. «Амстердам Арена». 45 000 көрермен

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети