26 маусым 2014 14:23

Футболдан Қазақстан Президенті кубогы басталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ffk.kz сайтынан Фото ffk.kz сайтынан

Астанада 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында VII халықаралық Қазақстан Президенті кубогы басталып, кеше алғашқы ойындары өтті. Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Қырғызстан жеткіншектерін 3:0 есебімен ойсырата жеңді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Астанада 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында VII халықаралық Қазақстан Президенті кубогы басталып, кеше алғашқы ойындары өтті. Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Қырғызстан жеткіншектерін 3:0 есебімен ойсырата жеңді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Дәстүрлі доданың ашылу салтанатында ҚР Спорт және дене шынықтыру агенттігінің төрағасы Тастанбек Есентаев сөз сөйлеп, алты елдің жас футболшыларына сәттілік тіледі. Ал Қазақстан футбол федерациясының вице-президенті Сейілдә Байшақов Елбасы кубогының тартысты өтетіндігіне сенім білдірді.

Дәстүрлі доданың ашылу салтанатында ҚР Қорғаныс министрлігінің орталық әскери оркестрі өнер көрсетіп, Елбасы кубогының мәртебесін өсірді. Ең бастысы, ешбір құрама да жанкүйерлер қолдауына зәру болмайтын секілді.

Бұлай дейтін себеіміз, Испания, Грузия, Әзірбайжан, Тәжікстан және Қырғызстан елдерінің Қазақстандағы дипломатиялық өкілділігінің өкілдері өз жерлестеріне қолдау көрсетіп отыру үшін Елбасы кубогының әрбір ойынына келуге ниет білдіріп отырған көрінеді.

Енді, доп додасына келер болсақ, кешегі өткен бірінші ойында Тәжікстан таланттары Әзірбайжан бозбалаларын 2:1 есебімен ұтып, көпшілікті тәнті етті.

Ал Елбасы кубогының ашылу салтанатынан кейін жасыл алаңға шыққан Қазақстан және Қырғызстан U-17 құрамалары арасындағы ойында біздің жеткіншектеріміз айқын басымдық танытты.

Қазақстан – Қырғызстан – 3:0

Голдар: Жақсыбай, 8. Төлеев, 62. Асайынов, 80+3.

Қазақстан: Подымский, Майраш, Қасым (Айтөре, 41), Алексеев, Рысбеков (Шұғаев, 73), Оразов, Наджарян, Сағынов (Асайынов, 57), Зайнутдинов (Мақышев, 80+2), Жақсыбай (Коряков, 51), Сұлтанов, (Төлеев, 41).

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети