15 ақпан 2016 22:42

Футзалдан Испания құрамасының ойыншысы Қазақстанның ойынын ебдейсіз деп атады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет УЕФА сайтынан алынды Сурет УЕФА сайтынан алынды

Футзалдан Испания құрамасының ойыншысы Адриан Алонсо Lavozdegalicia.es басылымына берген сұхбатында Қазақстанның ойынын ебдейсіз деп атады, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.


Футзалдан Испания құрамасының ойыншысы Адриан Алонсо Lavozdegalicia.es басылымына берген сұхбатында Қазақстанның ойынын ебдейсіз деп атады, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Оның айтуынша, Қазақстанмен болған матч чемпионаттағы ең қиыны болған. "Олардың ойыны - ебдейсіз, бірақ біз бұдан айламызды асырдық. Шын мәнінде, жартылай финал ең қиыны болды", - деп мәлімдеді Алонсо.

Сонымен қатар испан ойыншысы Еуро-2016 турниріндегі жеңіс жайлы айтып берді. Оның пікірінше, титулды жеңіп алуға командасындағы жақсы көңіл-күй себеп болған, осы арқылы олар жарақаттарына қарамастан үздік ойын көрсете алыпты. Сұхбатты толығырақ мына жерден оқуға болады. 

Еске салайық, Испания құрамасы Еуро-2016 жартылай финалында Қазақстан командасын жеңген болатын. Кездесу 5:3 есебімен аяқтадды. Финалда испандар Ресейді 7:3 есебімен жеңді, ал қазақстандықтар қола үшін таласта Сербия құрамасын 5:2 есебімен тізе бүктірді. 

Спорт порталының мәліметінше, Қазақстанның ойын мәнері қақпашы Игитаның ойынының ерекшелігіне байланысты сынға ұшырап отыр. Қақпашы жиі алаң ортасына дейін шығады. Ал Испаниямен ойында ол дисквалификацияға ұшырап, орнына Григорий Шамро шыққан болатын.  

Айта кетейік, осыған дейін Игитаның ойынын Хорватия құрамасының бас бапкері Мато Станкович те сынап, мұндай әдістің футзалға тән емес екенін мәлімдеген еді. Ал ресейлік бапкер Сергей Скорович қазақстандық қақпашының бұл әдісін қолдады. Ол қазақстандықтарда өз ойын мәнерінің бар екендігін және ойын ережесін бұзбайтынын айтты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети